ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

СЕНАТОРЛАР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

18:10, 14 қаңтар 2020

 


Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Бақытжан Жұмағұлов облыс орталығындағы екі іргелі жоғары оқу орнына барды. Профессорлық-оқытушылық құраммен кездескен олар «Педагог мәртебесі туралы» Заң мен жоғары оқу орындарының әлеуметтік аспектілері туралы әңгімелесті.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымымен кездескен сенатор Бақытжан Жұмағұлов  оқу орнына осыдан 7 жыл бұрын келгенін атап өтті. Осы уақыт аралығында елімізде түрлі салаларда көптеген өзгерістер орын алған. Университет ұжымы үшін «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылданғаны өте маңызды. Өйткені, бұл білім ордасы сол мұғалімдерді оқытатын өңірдегі бірден-бір жоғары оқу орны.

БАҚЫТЖАН ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Қазір еліміз бойынша 75 университет педагогикалық кадрларды даярлап шығарады. Қандай мамандықтар еңбек нарығында сұранысқа ие сол мамандықтарды сұрыптап, оқыту қажеттігі өте маңызды. Педагогика, психология, әдістеме кафедраларының жоқ екендігі ешкімге де жасырын емес. Гранттар саны жылдан-жылға артып келеді.

Сенатор ұстаздар еңбекақысының төмен екендігін де атап өтті. Кездесу барысында көптеген педагогтар өз ойларын айтып, сұрақтар қойды.

ГҮЛНӘР МҰҚАЖАНОВА, АҒЫЛШЫН ТІЛІ КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ҰСТАЗЫ

«Педагог мәртебесі туралы» Заң елімізде ең маңызды құжаттардың бірі. Бұл 2018 жылы Елбасының бастамасымен көтерілген болатын. Биылғы жылы жұмысын бастады. Біз мұғалімдерді дайындаймыз, яғни мұғалімдер жан-жақты қорғалған, мәртебесі биік мамандық болуы керек. Бұл қазіргі заманда сұранысқа ие мамандықтардың бірі.

Абай Мырзахметов атындағы университетте оқитын жастардың жартысынан көбі жатақханамен қамтамасыз етілмек. Құрылысы басталған 9 қабатты жаңа жатақханаға 1 мыңға жуық жас орналастырылмақ.  

МӘДИ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ

Жатақхана көптеген әлеуметтік мәселелерді шешетін болады. Яғни, білім сапасын арттыру, жастардың бос уақытының тиімді өтуі тағы басқалары. Университетте бір жатақхана бар, ол 2015-шы салынған. Ал жаңа жатақхананы 2020-шы жылдың бірінші қыркүйегінде пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Кездесу барысында сенаторлар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жастарды тәрбиелеуде үлкен рөл атқаратынын атап өтті. Жас мамандардың өз тарихын білуі өте маңызды, -делінді басқосуда.

М.АЙБАБИНА, МАДИНА СМАҒҰЛОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ  БАСУ  ҚАУПІ  ЖОҒАРЫ
20:22, 19 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
17:45, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...