ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

СӘНДІБЕК НҰРШӘРІП – ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК ДИРЕКТОРЫ

18:13, 6 қараша 2019


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында білім саласына айырықша көңіл бөлінетінін атап өтті. Осы орайда, өңір педагогтары да биік белестерді бағындырып жүр. Мәселен, республикалық «Үздік директор - 2019» байқауында жерлесіміз топ жарды. Зеренді ауданына қарасты Бәйтерек орта мектебінің директоры Сәндібек Нұршәріп жылдың үздік директоры атағына ие болған. Облыстың абыройын асқақтатып қайтқан жеңімпазды әріптесім Абзал Азаматұлы құттықтап қайтты.

Республикалық «Үздік директор-2019» байқауы жыл сайын өтіп тұрады. Ол сайысқа аудандық, облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен нағыз білікті мамандар қатысады. Байқаудың басты шарты – әр қатысушы өз өмірбаяны мен жеткен жетістіктерін жолдау керек. Осы жылы сайысқа 300-ден астам мектеп басшылары өз жұмыстарын ұсынған. Соның ішінде 100 мектеп басшысы «Жылдың үздік директоры» номинациясына ие болған. Солардың қатарында – біздің жерлесіміз Сәндібек Нұршәріп те бар.

СӘНДІБЕК НҰРШӘРІП, БӘЙТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикалық деңгейде ең мықты басшылары арасында байқау өтті. Байқаудың негізгі мақсаты үздік мектептердің қатарын жоғары деңгейде көрсету, сонымен қатар ұстаздардың мәртебесін арттыру, жұмыстарын көрсету. Байқау қортындысы бойынша мен үздік мектеп басшысы атағына ие болдым. Әрине, бұл жетістіктің барлығы Зеренді ауданының жетістігі және Бәйтерек орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларының жетістігі.

Сәндібек Нұршәріпұлы Баян–Өлгей аймағында дүниеге келген. Бала күнінен ұстаз болуды арман еткен. Сол асқақ арманы оны 2008 жылы Алматы шаһарындағы Орталық Азия университетіне алып келеді. Аталмыш білім ордасын тарих пәнінің ұстазы  мамандығы бойынша тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын 2004 жылы Егіндікөл ауданында бастайды. Артынша Бұланды ауданында тарих пәнінің оқытушысы, 2013 жылдан бастап Бәйтерек орта мектебінің директоры болып қызмет атқарады. Мектеп басшысының бұл жетістігі – мектептің ортақ жеңісі екені даусыз.

БОЛАТ ЖҮНІСОВ, БӘЙТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Сәндібек Нұршәріп біздің мектепке 2013 жылы келді. Міне содан бері 6 жыл бірге жұмыс атқарып келеміз. Яғни, ол кісінің басшылығымен біздің мектеп облыстық деңгейде көп  нәтижелерге жетті Сондай-ақ ұстаздардың сапасын арттырды. Осы жылы ұстаздар деңгейгі 50  пайызды құрайды. Яғни, 22 ұстаздың 11-і жоғары блімді. Осының барлығы мектеп басшысының қарқынды жұмысының жемісі.

 Бұл күні Бәйтерек орта мектебінде 100-ге жуық оқушы бар. Оларға білім нәрін ұялататын 20-дан астам оқытушы бар. Аталмыш білім ордасы  көп жылдар бойы бастауыш мектеп болған. Ал, мектеп басшысының ықпалымен 2018 жылдың оқу жылынан бастап Бәйтерек орта мектебі мәртебесіне ие болған. Осының өзі мектеп ұжымының ауызбіршілігі мен білім сапасының жыл санап артып жатқандығынын анық көрінісі.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН, КӨКШЕ- АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...