СЕРІКТЕСТЕР ДАУЫ СОТ ҚАРАУЫНДА

Бұл істе сотқа арызданған жауапкершілігі шектеулі «Бірлік-ГД» серіктестігі.

16:24, 10 тамыз 2017   128

Бұл істе сотқа арызданған жауапкершілігі шектеулі «Бірлік-ГД» серіктестігі. Олар «Барыс-бек» серіктестігінен өз жерлерін талап етіп отыр. Сотқа келіп түскен құжаттар бойынша, екі ұйым 2014 жылы бірігіп, сол кезде арызданушы тиесілі жерін өз еркімен жауапкерге беріп, «Бірлік-ГД» серіктестігінің жетекшісі Гатчик Григорян қайта құрылған ұйымның құрылтайшысы болды. Алайда, сот залында ол ешқандай құжатқа, келісімге қол қоймағандығын айтады. Сот төрағасының хаттамасымен құжаттардағы қол қойылған жазуға сараптама жасау тағайындалды. Бірақ, сарапшылар нақты жауап бере алмаған.

Айта кету керек, арызданушы сараптамаға қажетті құжаттардың барлық санын ұсынбағандықтан, іс жүргізу әрекетінен қате жіберіп, сол ағаттығы өзіне қарсы шықты.

Арызданушы тарап сот шешіміне байланысты пікір білдіруден бас тартты. Заң бойынша шешіммен келіспеген жағдайда арызданушы бұл мәміле заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде қайта арыздана алады.

Айгүл Мырзағалиқызы, Қайрат Әбенов

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75