ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

20:16, 18 қараша 2020

ДИКТОР: Ақмолада соңғы 10 айда жемқорлыққа қатысты хабар берген  9 тұлғаға бір жарым млн. теңге көлемінде  сыйақы берілді. Бұл жемқорлыққа қарсы күресте  азаматтардың белсенділігінің артып келе жатқанын көрсетіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысында мемлекеттік қызметтегі ашықтықты қалыптастыруға бағытталған мыңға тарта іс-шараның нәтижесі  талданды.

РКС: Жемқорлыққа қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру - мемлекеттік қызметтегі басты бағыттардың бірі. Осы ретте, облыста жемқорлыққа қарсы «Ақмола адалдық алаңы», «Адал көмек», «Сапалы жол-  адал жол», «Саналы ұрпақ - адал ұрпақ», «Интерактивті карта», «Ашық бюджет» тәрізді 15-тен астам ірі жоба жүзеге асырылуда. Алайда кейбір  жоба бойынша тиісті деңгейде жұмыс атқарылмай отыр. Жиында облыс әкімі лауазымды тұлғаларды өрескел қателіктері үшін сұрақтың астына алды. Соның бірі аудандарда ашылған сервистік әкімдіктердің жұмысындағы көзбояушылық.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  /русс/ Аудандық сервистік  әкімдіктердің жұмысы бойынша үлкен іс атқарылды. Тіпті Красный Ярда ауылдық сервистік әкімдік аштық. Сонда сапаның болмағаны ма? Жұмысты жүргізе алмаған мына 28 процентті құраған аудандардың мәселесі неде?

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: /русс/ Агенттіктің орталық бөлімшесінің қорытындысы бойынша, біздің аудандық сервистік әкімдіктерде тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалмаған. Екіншіден, қызметкерлер тек жарты күн ғана кесте  бойынша жұмыс істейді. Ал бұл сервистік әкімдік жұмысының моделіне қарама-қайшы. Ол жерде халыққа керекті барлық мемлекеттік орган қызметкерлері күні бойы отыру тиіс. Үшінші мәселе ғимараттың сәйкессіздігі. Сервистік бөлімге бір кішкентай кабинет қана берілген. Бір сөзбен айтқанда, көшеге бір үстелді шығарып сервистік әкімдік деп атап қойған. Онда халыққа арналған отыратын жер де қарастырылмаған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: /русс/  Қараңыздар, біз сервистік әкімдікті есеп беру үшін ашпаймыз ғой. Біз мұны адамдарға ыңғайлы болу үшін жасауымыз керек. Неге осыны түсінбейсіздер?  Ерейментау, Қорғалжын?

ИНТЕРШУМ: әкімдер орнынан тұрып жауап бере алмай жатады.

  • /қаз/ Пересмотрите, Берік Амантаевич, қараңдар, бәрін дұрыстап зерттеп, дұрыстап істеңдер.Дастанбек, естідің ғой. Да, вот четыре акимата  чтобы привели в порядок. Мы приедими посмотрим.

РКС: Өңірде сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша қылмыстық сот ісінің статистикасы көңіл көншітпейді. Өткен 10 айда 145 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Мемлекетке келтірілген материалдық зиянның жалпы сомасы 335 850 000 (үш жүз отыз бес млн. сегіз жүз елу мың ) теңге.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Лауазымды басшылардың өздеріне тікелей бағынышты мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы үшін жауапкершілік арқалайтыны  заңнамалық актілерде нақты бекітілгенін тағы еске саламын. Республикада қанша басшы қоластындағылардың жемқорлық әрекеті үшін жұмыстан кеткенін біліп отырсыздар.

РКС: 10 айда жемқорлыққа жол берген 49 лауазымды тұлғаға қатыста іс сотқа жіберілген. Комиссия отырысында облыс әкімі Ермек Маржықпаев аудан әкімдері мен басқарма басшыларына жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін әрекеттерді жоюға тапсырма берді. Мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға қатысты жұмыстарды  жетілдіру қажет екенін тағы бір еске салды.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар