ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

СӘТ САПАР, ЖАС ТҮЛЕК!

14:51, 13 маусым 2019

РКС: Көкшетау қаласының 900-ге тарта түлегі алтын ұя мектеппен қоштасты. Бозбала мен бойжеткендердің бал-бұл жанған жүзінен шаттық шуағы сезіледі. Көңіл түпкірінде алаңдаушылық пен қимастық та жоқ емес. Бұл кеш олардың ересек өмірге алғашқы қадамдары болмақ.

СНХ: МАРЖАН МАРАТ, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ /// Бүгінгі көңіл-күй керемет, себебі, біз ұзақ дайындалдық. Бүгін біздің күніміз деп айтуға болады. Біздің сыныптан 15 бала мектеп бітірді. Алға қойған мақсатымыз көп.

СНХ: САНДУҒАШ МЕЙРАМ,  МЕКТЕП ТҮЛЕГІ /// Бәріміз мектепті бітіріп жатырмыз. Сондықтан да, ең бастысы, осы мектебіме, қалама алғысымды білдірем. + Барлық түлектерге сәттілік тілеймін.

РКС: Көкшетаулық түлектер қатарында 11 жыл бойы үздік бағадан сүрінбеген 53 "Алтын белгі" мен 32 үздік аттестат иегері бар. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев олардың әрқайсысын құттықтап, озат оқығаны үшін 100 мың теңгелік сертификат табыстады. Өңір басшысы жас жеткіншектерге сәт-сапар тілеп, ел игілігіне қызмет етуге шақырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ///Құрметті түлектер, қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен қонақтар! Мектеп бітіру кеші Ересек өмір мен балалық шақ арасындағы шекара іспетті.  Бүгін біздің облысымыздан 4 606 түлек дербес өмірге қадам басады. Оның ішінде 242-сі Алтын белгі, 174-і үздік аттестат иегері.

РКС: Ермек Рәшитов жаңа ашылған ІТ-мектеп-лицейінің алғашқы түлектерінің бірі. Жылдар бойы оқуда озат болған "Алтын белгі" иегері, ұстаздарына жүрекжарды алғысын білдірді. Ол білім сайыстарынан топ жарып, жоғары оқу орнының грантын да жеңіп алыпты.

СНХ: ЕРМЕК РӘШИТОВ, «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ/// "Алтын белгіні" алу жолында көп еңбек жұмсалды. Сол еңбектің жемісін көріп отырмыз, осы күнге жеткізген ұстаздарыма, мектеп директорына алғысым шексіз. Қазақ ұлттық университетінің грантын жеңіп алдым. Болашақта еліме қызмет етуді армандаймын.

РКС:  Жас жеткіншектер сапында республикалық халықаралық спорт, білім бәсекелерінің жеңімпаздары бар. Мектептің міндеті оқушының бойында тұлғалық қасиет қалыптастыру, ол үшін әр баланың ізденісіне қолдау таныту қажет. Ұстаздардың бұл ұстанымы бүгінде өз жемісін берді. Енді әр түлек өзінің болашағына қанат қақты.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...