ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

СӘУІР НЕГЕ "ҰЗАРЫП" КЕТТІ?

17:44, 16 мамыр 2018

Тілші: Қала тұрғындары орын алған жағдайға қатысты наразылықтарын әлеуметтік желілерде жариялап, компания кеңсесіне келіп жеткізіп жатыр. Олар өздернің мекенжайларын көрсетіп, сәуірдің неге "ұзарып" кеткенін білгілері келеді.   

СНХ: ЖАРКЕН ДОДАЕВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Түбіртекте 49 күн деп жазылып тұр, ал сәуірде 30 күн екені белгілі ғой. Менде 30 күн үшін 3954 теңге, ал 49 күн қайдан шықты? Жаңа күнтізбе пайда болды ма? Әрине, анық-қанығына жету қажет.

СНХ: ИРИНА ПОПОВА КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

(Аударма) Мен де "Көкшетау жылудан" не себепті 49 күн деп көрсеткенін білгім келеді. Айда 30 күн. Және біз ай сайын төлеп тұрдық. Ал 19 күн қайдан пайда болды. Бізге түсіндірсін.

Тілші: Жылу берушілердің айтуынша, есептеуіштегі көрсеткіштерді алу аралығы әр түрлі және ол 30 күннен артық.

СНХ: ГҮЛНӘШ АНДРЕЕВА "КӨКШЕТАУ ЖЫЛУ" МЕКЕМЕСІ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бұл жағдай жылу энергиясын есептеу құрылғысынан алынған мәліметтердің аралығы әр түрлі болғандықтан орын алды. Мәселен, Васильковский 35 мекенжайында сәуірде 35 күн деп көрсетілген. Себебі, 2018  жылдың наурызында 18 ақпан мен 26 наурыз аралығындағы көрсеткіш берілген. Ал сәуірде 27 наурыздан бастап 30-ыншы сәуірге дейін, яғни - 35 күн. Бізде жылу маусымы 218 күнді құрайды. Сондықтан қалай болған жағдайда да осы мерзімнен аспайды.

Тілші: Түбіртектерді қарап, егер 218 күннен артық болған жағдайда ғана тұтынушылар сотқа жүгіне алады.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар