ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ШАҒЫН ФУТБОЛ – ШЕБЕРЛІК САТЫСЫ

17:40, 12 наурыз 2018

Чемпионат соңғы 5 ай көлемінде өткізілді. Жарысқа 400-ге жуық футболшы қатысып, ерекше ойын өрнегін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша алғашқы орынды  «ДЧС КГУ» командасы,  ал екінші жүлделі орынды «Астори» тобы, үшінші орынды «Стимул» командасы місе тұтты. Айта кетейік, ағымдағы жылы Көкшетау қаласы  футзалдан Қазақстан кубогына  бірден үш команданы ұсынатын болады.

Сонымен қатар, салтанатты шарада футзалдан «Оқжетпес» жергілікті ойыншылар құрама  командасының алғашқы таныстырылымы өтті. Көкшетау футбол федерациясы  біраз жыл бойы аталмыш команданың спорттық бәсекеде дамуына зор септігін  тигізіп келе жатқанын да айта кеткен жөн.

Статистикаға сүйенсек, футбол әлемдегі ең танымал спорт түрі. Біздің аймақта  аталмыш спорт түрімен тұрақты айналысатындардың да саны көп. Айта кетейік, Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесуде футболшылардың біліктілігі мен шеберлігін арттыру жолында Көкшетауда алғаш рет толық жабдықталған футзалдың құрылысын бастауды да уәде етткен болатын.   

Мақсат Болатұлы, Юрий Обердиенко

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар