ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІ АЗАЙҒАН

20:16, 14 шілде 2020

ДИКТОР: Карантин кезінде экономика саласында  ең көп зардап шеккен шағын және орта бизнес субъектілері.  Облыста  соңғы  1  жылмен   салыстырғанда  олардың  саны   екі  мыңға  дейін   азайған. Бұл көрсеткіш әсіресе Бурабай, Егіндікөл, Астрахан, Жарқайың аудандарында байқалады. Көбі қоғамдық тамақтандыру  және  сауда орындары.

 

РКС: Ал жеке кәсіпкерлер қатары 3 мыңға дейін қысқарған. Әсіресе, қазіргі карантин кезінде көп  кәсіптің  тұралап қалғаны белгілі. Бұл ретте жеке кәсібі барлар жұмысын уақытша тоқтатқан. Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіп субъектілері көрсеткен қызмет, өнім көлемі 130 млрд теңгені құраған. иСоңғы кездері мал шаруашылығымен айналысатын  кәсіп  иелерінің  саны  көбейіпті.  Айта кетейік, ел президенті бизнес өкілдеріне жеңілдік жасап, салық үстемесінен босатып, несие шегерімін берген еді. Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсетуді тапсырды.

 

СНХ: ЕРБОЛ ОСПАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///рус///Соңғы 3 жылда кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарлама аясында берілетін несие көлемі 3 есе ұлғайды. Әсіресе  «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында биылғы жылға 4,7 млрд  теңге қарастырылып отыр. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасымен, кәсіпкерлерге несие мөлшерлемесі төмендетілген, яғни 6 процентпен  беріледі. Жеке кәсіп иелерінің азаюының негізгі себебі – тіркеуден алынуы және  бірыңғай жиынтық төлем негізінде бюджет есебіне көшуі.

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...