ШҰҒЫЛ! ШАҺАР КӨРКІ ШЫРАЙЛАНА ТҮСПЕК Толығырақ

ШАҺАР КӨРКІ ШЫРАЙЛАНА ТҮСПЕК

17:42, 2 ақпан 2018

Елбасы биылғы Жолдауда 1-міндет ретінде жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналатын индустрияландыруды атап өтті. Қазіргі таңда Көкшетау қаласында индустрияландырудың аймақтық картасы бойынша жалпы құны 20 миллиард теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылы жалпы құны 6 миллиард теңгені құрайтын  жаңа 10 нысан ашу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 500-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылмақ. Бүгінде мемлекет тарапынан шағын және орта бизнесті дамыту үшін жағдай жасалған. «Жол картасы -2020» бағдарламасының аясында өткен жылдың өзінде 24 жоба мақұлданған. Құрылыс саласына келер болсақ, өткен жылы облыс орталығында 158,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық.

Елбасының Жолдауында адами капитал – білім берудің жаңа сапасын құруға үлкен мән берілген. Қазіргі таңда қалада мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі байқалады. 2017 жылы «Мирас» балабақшасы ашылып, бірқатар жекеменшік балабақшалар кеңейтілген. Алайда, бүгінде 3 пен 6 жас аралығында балалардың 7 пайызы балабақша кезегінде тұр. 

Қазіргі таңда мектептерде орын санының да жетіспеушілігі байқалады. Осы орайда, өткен жылы құрылысы басталған 2 мектеп пен 1 мектеп жанындағы құрылыстың жұмысы биыл аяқиталып, пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, биылғы жылы 1, 4, 13 мектептердің жанынан қосалқы ғимарат салу жоспарланып отыр. Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауларында мұғалімдердің мәртебесін арттыру қажеттігін ұдайы айтып отырады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30 пайыздан 50 пайызға дейін көтерілетін болады.

Өткен жылы облыстық бюджеттің қолдауымен қаладағы 60 аулаға жөндеу жұмыстары жүргізілген. 22 ойын, 13 спорттық алаңдар орнатылған.  Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасын таппақ.

Жиын барысында қала әкімінің есептік кездесуіне келген қала тұрғындары тарапынан көкейкесті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.  Басым көпшілігін сапалы ауыз су және жылу мәселелері толғандыратын көрінеді.

Өткен жылы қалада 1068 тұрғын-үй пайдалануға берілген.Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайызға артық. Бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда өңір басшысы биылғы жылы тұрғын үй құрылысы мәселесін мықтап қолға алуды тапсырды. 

Жиын соңында өңір басшысы Мәлік Мырзалин Көкшетау қаласын көркейтуде атқарылып жатқан жұмыстардың аз емес екенін атап өтіп, қала тұрғындарына демалатын, тамақтанатын орындар мен көпшілік-мәдени нысандарды көбейту қажеттігін атап өтті. Жастарға танымал желілік фастфудтар мен кітап желілерін ашу керектігін де айтты.  

Әйгерім Бекмағамбетова, Данияр Жұмағұлов

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
18:11, 16 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Толығырақ...
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
18:11, 16 ақпан 2018
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
18:10, 16 ақпан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
19:48, 13 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
Толығырақ...
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
10:19, 13 ақпан 2018
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...