ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ШАҺАР ШЫРАЙЛАНА ТҮСЕДІ

18:34, 15 тамыз 2018

Тілші: Серік Ыбыраев Вернадский көшесіндегі 15-інші үйде тұрады. Көпқабаттың үйдің ауласына жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда, оның сапасы тұрғындар көңілінен шықпай отыр.

СНХ: СЕРІК ЫБЫРАЕВ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ///Былтыр жөндеу жасаған. Балаларға алаң салды. Бірақ құм төсеп кетті болды. Жаңбыр болса, су, Ыстық күндері шаң. Балалар қалай ойнайды. Асфальт төседі аулаға. Бірақ су жиналатындай жасалған. Арықтар жоқ. Жаңбыр жауғанда жүре алмай қаламыз.

Тілші: Серік Хасенұлы осы мәселені қала әкімі Ермек Маржықпаевтың алдында көтерді. Шаһар басшысы жақын арада мән-жайды анықтап, сұрақты бақылауға алатынын жеткізді. Ал жалпы Көкшетаудың дамуы тұрақты. Өндіріс өскен. Биыл шаһарда 5 миллиард теңгеден асатын 10 жоба іске аспақ. Нәтижесінде шамамен 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Красный Ярда қатты қалдықтарды өндейтін цех ашылады деген жоспар бар.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

(Аударма) Құрылыс саласындағы өсім 1000 шаршы метр. Биыл 92 мың шаршы метр баспана салу көзделген. Жыл басынан бері 3 үй, яғни 135 пәтер қолданысқа берілді. Биыл барлығы 15 көпқабатты үй салынады. Бұл деген 800 пәтер. Оның 8-і әлеуметтің әлжуаз топтарына кезек бойынша беріледі.

Тілші: Биыл «Сарыарқа» мөлтек ауданында жаңа мектеп ашылады. Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің жапсарлас ғимараты қолданысқа беріледі. Екі жаңа балабақша жұмысын бастамақ. Қазіргі уақытта аулаларды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы шаруалар жүйелі түрде жалғаспақ. Қаладағы жолдарға да ағымдағы жөндеу жасалуда. Сондай-ақ, алдағы жылу маусымына дайындық жалғасуда. Қазандықтарға жөндеу жасалған.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Біз жылу маусымына дайынбыз деп айта аламын. Қала бойынша біраз құбырларды ауыстырдық. Алайда, тұрғындарда бұл шаруаға араласу керек. Баспаналарды  дайындау тұрғындардың міндеті. Сондықтан, барлықтарыңызды бұл іске жауапкершілікпен қарауға шақырамын.

Тілші: Есептік кездесуде тұрғындар өздерін алаңдатқан сұрақтарын қойды. Қала әкімі бастаған жауаптылар барлық арыз-өтініштерді жазып алып, олар жауапсыз қалмайды деп сендірді.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
18:43, 25 қыркүйек 2018
ӨҢІРДЕ 41 КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН МҮДДЕСІ ҚОРҒАЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар