ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

17:16, 11 шілде 2019

РКС: Байрақты бәсекеге Австрия, Германия, Норвегия, Швейцария тәрізді қысқы спорт қанатын кең жайған 11 мемлекеттен 70-тен астам шаңғышы келіпті. Тұғырдан секіруден Халықаралық шаңғы спорты Федерациясының Кубогы – жыл сайынғы дәстүрлі дода. Ол Әлем Кубогіне іріктеу кезеңінің алғашқы сатысы.

СНХ: ХОРСТ ТИЛМАН, ШАҢҒЫМЕН ТҰҒЫРДАН СЕКІРУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ Мен Орталық Азияда дәл осындай спорт объектісінің салынғанына қуанып отырмын. Бұл басы ғана, біз мұнда әлі талай Әлем Кубогі кезеңдері мен Әлем Чемпионаттарын өткіземіз. Осындай нысандарда Олимпиада чемпиондары дайындалады. Қазақстандық спортшылардың алғашқы жетістіктеріне де куә болдық. Мұнда болашағынан үлкен үміт күттіретін жас спортшылар жаттығады.

РКС: Халықаралық сайыста Қазақстан құрамасында 15 жас спортшы өнер көрсетеді. Олар бұған дейін дайындығын Еуропа мен Алматыда шыңдаған. Спорттың бұл түрінен Сергей Ткаченко, Вероника Шишкина, Валентина Сдержикова тәрізді атлеттер халықаралық сайыстарда ел қоржынына алғашқы жүлдені де еншілепті.

СНХ: СЕРГЕЙ ТКАЧЕНКО, ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ТРАМПЛИННЕН СЕКІРУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ Бұл сайысқа бірнеше ай бойы дайындалдық. Мұнда алдағы әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынады. Құраманың дайындығы жоғары. Ел үмітін ақтауға бар күш-жігерімізді жұмсайсыз.

РКС: Бұл спорт нысанында 4 балалар трамплині мен 300 орынға арналған мектеп-интернат салу жоспарланып отыр. Бұл қысқы олимпиадалық спорт түрлеріне жас жеткіншектерді булудың тиімді бастамасы болмақ.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...