ШҰҒЫЛ! ЕЛИЗАВЕТА СИНЕЛЬНИКОВА - ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ Толығырақ

ШАРШЫ АЛАҢДЫ ШАҢДАТҚАН...

15:49, 8 қараша 2019


Көкшетаудағы «Қажымұқан» спорт кешенінде Зеренді ауданы Қызылтаң ауылында бокс үйірмесінің ашылғанына 33 жыл толуына орай және ұстаз-бапкер Серік Құдайбергеновтың құрметіне жасөспірімдер арасында облысаралық турнир өтті.

Шаршы алаңға 2006-2007 және 2008-2009 жылдары туған балауса боксшылар шықты. Олардың басым бөлігі Ақмола облысының аудан, ауыл-аймақтарында жаттығатын, бокс әліппесін енді ғана үйреніп жүрген өрендер еді. Бір қуанарлығы, турнирді ұйымдастырушы Қызылтаң ауылының боксшылары жақсы қырынан көрінді. Өз салмақ дәрежесінде Қорғанбек Балтин чемпион атанса, Аман Болат жүлдегер болды. Степногорск, Көкшетау қалалары және Бұланды, Егіндікөл, Зеренді аудандарының бірнеше спортшысы жеңістің биік тұғырына көтерілді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, РЕДАКТОР:

Финалға мықтылардың шығатыны белгілі...

Ауыл боксшыларының абыройын арттырып, беделін көтерген турнирді кезінде Серік Құдайбергеновтен тәлім алған шәкірттері ұйымдастырды.  Олардың мақсаты бокстың бұқаралылығын арттыру болатын.

ӘНУАР СМАҒҰЛОВ, С.ҚҰДАЙБЕРГЕНОВТЫҢ ШӘКІРТІ  (НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ):

Мен де Қызылтаңның тумасымын...

33 жылда үркердей ғана Қызылтаң ауылынан 200-ге жуық боксшыны қанаттандырып шығарған бапкер шәкірттеріне риза.

СЕРІК ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ҰСТАЗ-БАПКЕР

Турнир тұңғыш рет өтсе де, өзінің деңгейін көрсетті. Шаршы алаңға шыққан балғын боксшылардың жеңіске деген жігері қуантты. Спорт мерекесін тамашалап, жанкүйерлік етуге Қызылтаң ауылынан көптеген тұрғындар келді. Олар ұйымдастырушыларға дән риза болып қайтты.

Ауыл боксшыларының мерейін өсірген турнир болашақта облыстық жарыстар кестесіне кірсе, нұр үстіне нұр болар еді.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
16:59, 13 қараша 2019
БАЛАБАҚША ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
16:17, 13 қараша 2019
КАРТОП ПЕН КӨКӨНІС АЛҚАБЫ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Толығырақ...
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
16:15, 13 қараша 2019
БАСКЕТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
17:36, 12 қараша 2019
БАЛАҢНЫҢ ТӘРБИЕСІН ОЙЛАСАҢ, ӨЗІҢДІ ТҮЗЕ!
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
17:20, 7 қараша 2019
«ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЭЗИЯ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...