ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ- КӨПКЕ ОРТАҚ!

16:18, 10 тамыз 2018

РКС:  Қолөнер көрмесін «Палитра Синегорья» бірлестігі ұйымдастырып отыр. Аталмыш бірлестік бүгінде шығармашылық кездесулер, көрмелер, қолөнер жәрмеңкелерін ұйымдастыруды қолға алған. Әдебиет және өнер мұражайында өткен көрме соның дәлелі іспеттес.

СНХ: ГАУҺАР ҚОЖАХМЕТОВА, КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУШЫ Бүгін мен өз туындыларымды алғаш рет көрмеге қойдым. Маған іс тігуді бала кезімде анам үйреткен болатын. Уақыт өте келе жіппен, бисермен картиналар тоқуды қолға алдым. Қолөнермен айналысу шеберлікті талап етеді. Мен өз жұмыстарымды шын жүрекпен, ниетпен жасаймын. Бүгінде қолөнерге деген қызығушылықтың көптігі мені қуантады.////

РКС: Бүгінгі көрменің басты мақсаты - шеберлердің шығармашылығын насихаттау, сондай-ақ талап пен талмас еңбектің нәтижесінде туындайтын өнегелі өнердің қыр-сырын жастарға ұғындыру  және сол арқылы еңбекке тарту - дейді шараны ұйымдастырушылар.

СНХ: СЕРҒАЗЫ ҚАЙЫРБОЛДЫ, ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ(ҚАЗ)///Ақмола облыстық әдебиет және өнер музейі қолөнер шеберлерінің шығармашылығын көпшілікке насихаттау мақсатында көптеген жұмыстар ұйымдастырып келеді. Осының аясында біз Ақмола облыстық қолөнер шеберлерінің «Палитра Синегорья» атты қоғамдық бірлестікпен тығыз жұмыс атқарып келеміз. Бүгін міне осы бірлестіктің өз туындыларынан көпшілікке көрме ұсынып отырмыз.

СНХ:  ТАИСИЯ ЗЕЛЕНЦОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ ////Қолдан ойыншықтар жасауды әрқашан армандайтынмын. Бірақ ол бала арман болып қала берді. Кейіннен тұңғыш ұлымды дүниеге әкелген соң мүмкіндік туындап, үйде ойыншықтар жасауды  қолға алдым. Меніңше махаббатсыз жасаған кез-келген жұмыс өнімді болмайды.////

РКС: Нағыз шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін бұл өнер - екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.  Таудай талапты шеберлердің ізденіспен жасаған қолөнер көрмесі бір ай бойы көрермен назарына ұсынылатын болады.

ЖАНСАЯ ҚАЙЫМХАН

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
19:10, 17 қазан 2018
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРҒА ЖАСАЛЫП ЖАТҚАН ЖАҒДАЙ
Толығырақ...
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
18:29, 17 қазан 2018
ӘН МЕН БИ ӘЛЕМІНЕН СЫР ШЕРТЕТІН ФЕСТИВАЛЬ
Толығырақ...
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС  - БАСТЫ НАЗАРДА
18:29, 17 қазан 2018
ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС - БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
15:14, 11 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
15:14, 11 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БЕРЕКЕЛІ БАСТАМАЛАР - ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСТАР
Толығырақ...