ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ ОРТАҚ!

18:22, 7 желтоқсан 2017

Державинск қаласындағы Василий Семиннің етік жөндеу кәсібі атадан балаға жалғасып келе жатыр. Жеке кәсіптің қыр-сырын атасынан үйреніпті. Василий балғын балалық шағының басым бөлігін осы етік шеберханасында өткізген. Өткен жылы досы Александр  Крец екеуі жеке кәсіп ашуға бел буған.  Шикізат пен сайманды біртіпдеп сатып алып, шама-шарқынша тапсырыс қабылдайды. Олардың аяқ-киімдерінің өзгелерден ерекшелігі неде?

Етікші кәсібі оңай шаруа емес. Ал Державинск қаласында ерлер мен әйелдер аяқ-киімін  жөндеп қана қоймай, жаңа етік тігетіндер некен саяқ.  Сондықтан тұрғындар шеберхананың игілігін көруде. Шикізат пен аяқ-киім үлгісі тапсырыс берушінің қалауына қарай алынады. Мұнда үлкен көлемде әскери аяқ-киім тігуге тапсырыс қабылданатынын айта кеткен абзал. Жеке кәсіп өз жемісін бере бастады. Мемлекеттік грант арқылы кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасына Василий дән риза. 

Шеберханадағы қолдан тігілген ерлерге арналған аяқ-киімнің орташа бағасы 7 ден 10 мың теңге көлемінде. Яғни, қолжетімді. Бұдан бөлек мұнда жұмсақ жиһазды жаңартуға тапсырыс қабылданады. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында шеберхананың іші кеңейтіліп, жаңа құрал жабдықтар сатып алынған. Сондай-ақ келешекте жаңадан жұмыс орындары ашылмақ. 

Ерболат Серікбай, Асель Турар

Тақырып бойынша материалдар

М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
19:18, 23 мамыр 2018
М.МЫРЗАЛИН: «...ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ – ЭКОНОМИКАҒА СЕРПІН!»
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...