ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

19:32, 4 қазан 2019

Ұстаздық жолында 33 жылдан астам уақыт қызмет етіп, 10 жыл орынбасар лауазымын атқарып, бірнеше жыл қалалық әдістемелік бірлестікке жетекшілік етсе де, өз мамандығына деген құрметін жүрегінде сақтай білу зор махаббатты, табандылықты талап етеді. Зейнеткерлікке шыққанына қарамастан, әлі күнге білім берумен айналысып келе жатқан басты кейіпкеріміз Елена Брайт жайында бейнесюжетті бірге тамашалайық.    

Оның анасы – тігінші, әкесі – инженер, ал өзі ұстаздық жолын таңдаған. Елена Брайт 1980 жылы педучилищені тамамдаған соң №7 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі ретінде алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Қызылжар қаласындағы пединститутке құжат тапсырады. 1986 жылы жоғары білім иесі атанған ол Көкшетау қаласындағы №4 мектепте еңбегін жалғастырады. Содан бері ұлағатты ісіне адалдық танытып келе жатқан ұлағатты ұстаз биыл 34-ші оқу жылын бастады. Әріптестері Елена Брайттың директордың орынбасары лауазымын атқарған 10 жылдың ішінде бірде-бір рет дауыс көтергенін естімеген. 2005-2015 жылдар аралығында әкімшілік қызметін атқарған ол педагогикалық ұжым арасында өте сыйлы.

ТАТЬЯНА ЕВТУШЕНКО, ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Елена Брайтпен бірге 1984 жылдан бері осы мектеп қабырғасында еңбек етіп келеміз. Ол – өте білікті маман. Ұзақ уақыт директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары қызметін атқарды. Қазір 9-сынып жетекшісі, география пәнінен сабақ береді. Қандай мәселе бойынша көмекке жүгінсең, әркез сыпайылық, шыдамдылық танытып, қол ұшын созуға әзір. Ол бізге жұмысқа келген уақыттан бері 35 жыл достығымыз үзілмей келеді. Ұлағатты ұстаз, әріптес ретінде амандық, бақыт, жетістік тілегім келеді. Барша әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс пен талапты оқушылар жолығуын тілеймін.  

Мұғалім үшін жан-тәнімен беріліп жұмыс істеу, еңбекқорлық танытып, мол тәжірибе жинақтау аса маңызды.  Алайда, ұстаз мәртебесіне деген құрметтің сыры мүлдем басқада дейді кейіпкеріміз.  

ЕЛЕНА БРАЙТ, ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ

Балаларды жан жүрегіңмен жақсы көру керек. Махаббатыңды шынайы көрсетсең, олар махаббатпен жауап береді.  Егер дауыс көтеріп, басымдық көрсетсең, алатын жауабың да сондай болмақ. Бұндай қатынас әріптестерге де қатысты. Сен түсіністік танытсаң, саған да түсінік танытады.   

Жасына қарамастан, ұстазымыз өте нәзік әрі сүйкімді. Зейнетке шыққан жылында 5-сынып оқушыларына сынып жетекшісі болған ол шәкірттері мектеп бітіргенше жетекші болуды өзіне парыз санайды. Қазір оқушылары 9-сыныпқа жеткен. Сонымен, 34 жыл елеулі еңбек етіп келе жатқан Елена Брайт қандай мұғалім? Бұл жайында оқушылары өздері айтсын.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА, ЖАҺАНГЕР МУКАНБЕТОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...