ШҰҒЫЛ! БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕН ОРЫН АЛҒАН ҰСТАЗ

12:42, 12 қазан 2017

1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Қызыл ту ауданында дүниеге келген Құсни Серікбайқызы алғашқы еңбек жолын Бірлестік ауылдық мектебінен бастаған. Кейін Ақмола облысының орталығына көшіп келгеннен кейін Көкшетау қаласындағы станция сыртындағы поселкедегі №14-ші мектепке мұғалім болып орналасады. Аталған білім ошағында жұмыс істеп келе жатқанына жиырма жылға жақын. 

Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін ұстаз өз ісіне қашан да жоғары талғаммен қарайды. Үнемі ізденіс үстінде жүреді. Білгір маманның біліктілігі тиісті сала тарапынан танылып та үлгерген. Атап айтар болсақ, Құсни Серікбайқызы «Ең үздік әдістемелік нұсқаулық» атты қашықтық байқауда бас жүлдені жеңіп алса, «Үздік қазақ тілі кабинеті» республикалық сайысында арнайы грамотамен марапатталған. Ал, жақында ұлағатты ұстаздың кеудесіне «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі тағылды.

 «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші, Құсни Серікбайқызы еңбегімнің ең басты жемісі – шәкірттердің жетістігі деп біледі. Ал, бұл орайда мұғалімнің оқушылары түрлі деңгейдегі білім жарыстарында бас жүлдені иеленіп келеді. «Алтын белгі» алғандары тағы бар.

Шәкірт жүрегінен орын алған ұстаздың жақында «Диктанттар жинағы» жарық көрген.  Алдағы күнге құрған тағы бірнеше жоспары бар. Әрбір марапатты мұғалімнің мерейін өсіретін жетекші құрал деп қарайтын болсақ, «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі де білікті маман үшін білім белесіндегі биіктіктің бағындырылған тағы бір сатысына айналмақ.

Ә. Қаматайқызы. 

Тақырып бойынша материалдар

БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
12:50, 19 сәуір 2018
БІРЖАН САЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
12:23, 19 сәуір 2018
«ЖАС ҒАБДУЛЛИНШІЛДЕР» ҚАТАРЫ МОЛАЯ ТҮСТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
12:22, 19 сәуір 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
12:46, 17 сәуір 2018
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫН ЦИФРЛАНДЫРУ –ТЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ
Толығырақ...