ШҰҒЫЛ! ҚАУІПСІЗДІК КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ

18:47, 28 қаңтар 2020

Қазақстанда уақытша тіркелген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен әкелінген автокөліктер 18 саны бар арнайы сары мемлекеттік нөмір алатын болады. Шетелден әкелінген автокөлікті ағымдағы жылдың ақпанына дейін елде тіркеу үшін қазақстандықтарға көліктің барлық құжаттары мен өзінің куәлігімен арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет.

Автокөлікті уақытша тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлік, бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірлік белгілер, тіркеу туралы куәлік, меншік құқығын растайтын құжаттар. Сондай-ақ, бастапқы тіркеу төлемі бар түбіртек, мемлекеттік нөмір дайындағаны және техпаспортты дайындағаны үшін баж төленгені туралы түбіртек ұсыну керек.

УӘЛИХАН ЖҮНІСБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ БАСТЫҒЫ

Уақытша есепке алудың қолданылу мерзімі бір жыл. Яғни, 2020 жылдың 1 наурызынан 2021 жылдың 1 наурызына дейін. Уақытша есепке алу кезінде автоқұжаттар арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарына сақтауға тапсырылатын болады. Құжаттар бір жыл сақталады. Мерзімі өткеннен кейін алып кете алады.

Өз кезегінде, шетелдік нөмірлері бар автокөлік иелері көліктерін тұрақты қазақстандық есепке алу үшін тіркеуге қатысты ұсыныстарын айтты.

ДАНИЯР НИЯЗОВ, АВТОКӨЛІК ИЕСІ

Біз Президентке автокөлікті уақытша есепке қоюға мүмкіндік бергені үшін ризамыз. Бірақ, біз Қазақстан Үкіметі мен Президентіне қалдықтарды өңдеуге қатысты мөлшерлемені азайтуын сұраймыз. Қозғалтқыш көлеміне байланысты бізге 200-ден 500 мың теңгеге дейін жасасын. Себебі, қазіргі алым сомасын біздің қалтамыз көтермейді. Біз жеңілдік уақытын тек 2 айға ғана сұраймыз. Осы уақыт ішінде біз ұсынылған алымдарды төлеп, көлікті тұрақты есепке қоямыз.

Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу акциясы 2020 жылдың 1 ақпанында іске қосылып, бір ай көлемінде жүргізілетін болады. Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір ай көлемінде Қазақстан азаматтарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерінен 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жеке пайдалануы үшін әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуді бір реттік тәртіппен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Тіркеу 2021 жылдың 1 наурызына дейін жүзеге аспақ.

АЙЖАН АҚТАЕВА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

 ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ  БАСУ  ҚАУПІ  ЖОҒАРЫ
20:22, 19 ақпан 2020
ӨҢІРДІҢ БІРҚАТАР АУДАНДАРЫН СУ БАСУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
17:45, 19 ақпан 2020
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
18:51, 13 ақпан 2020
«KÓKSHE» ТЕЛЕАРНАСЫНА ЖАҢА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ ​​
Толығырақ...