ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ШЕТЕЛДІК БАЙҚАУШЫЛАР ЖҰМЫСҚА КІРІСТІ

19:00, 17 мамыр 2019

РКС: Байқаушы Мартин Россманн мен Камилла Форитті аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қабылдады. Облыста Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері өз міндеттеріне кірісті. Кездесуде жергілікті атқарушы билік тарапынан дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқандығы айтылды. Өз кезегінде, шетелдік байқаушылар сайлаудағы өз міндеттеріне тоқталып өтті. Президент сайлауына халықаралық ұйымдардан 1700-ге жуық өкіл келеді деп күтілуде. 2015 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, бұл сан едәуір жоғары. Бұған дейін орталық сайлау комиссиясында әлемдік қауымдастықтың біздің елімізге деген назары Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін доғарғаннан кейін айтарлықтай артқанын түсіндірген болатын.

СНХ: МАРТИН РОССМАНН, ЕВРОПАНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНАН АВСТРИЯЛЫҚ БАЙҚАУШЫ/// Жылы қабылдауларыңызға үлкен рахмет. Біздің атқарар міндетіміз өте маңызды. Біз сайлауда екі аспектіге қызығушылық танытып отырмыз. Оның біріншісі техникалық дайындық пен сайлау процесін қамтиды. Екінші аспект – саяси контекст. Жалпы, Қазақстанның Орта Азия елдері ішінде Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткен алғашқы ел екенін атап өткім келеді. 

СӘНИЯ ИДРИСОВА

Тақырып бойынша материалдар

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
18:19, 18 қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
17:19, 18 қыркүйек 2019
ЦИФРЛАНДЫРУ БАҒЫТЫНДА БІЛІМ БЕРЕТІН ЗЕРТХАНА АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...