ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭДЕН «KOKSHETAU OPEN» АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

16:30, 3 желтоқсан 2019

 


Тұңғыш Президент күніне арналған Шинкиокушинкай каратэден «KOKSHETAU OPEN» ашық турнирі өтті. Байрақты бәсекеге жалпы есепте 9 команда қатысты. Жыл сайын ұйымдастырылатын жарысқа биыл алғаш рет іргелес жатқан Омбы қаласынан да жас каратэшілер келген. Ал Көкшетаудың намысын жергілікті «Сардар» клубының каратэшілері лайықты деңгейде қорғады.

Дәстүрлі өтетін жарысқа биыл 5 пен 13 жас аралығындағы спортшылар бабы мен білек күшін көрсетіп, бәсекелестерімен бақ сынасты. Турнирде Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Теміртау, Петропавл қалаларынан және жергілікті Ақмола облысынан, көршілес Омбы облысынан   250-ден астам жас каратэші топ жарды. Олар 39 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтады. Бүгінде спорттың осы түріне қызыққан жас жеткіншектердің қатары күн сайын көбеюде, - дейді ұйымдастырушылар.

АЛМАС АЛШЫНБАЕВ, ШИНКИОКУШИНКАЙ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

 5-13 аралығында Қазақстанның түкпір-түкпірінен көптеген жас спортшылар қатысып жатыр. Балалар жеребе бойынша жұпталды. Біздің жергілікті құрама жеңіске жетеді деп ойлаймын.Ақмола облысында каратэнің осы түрі жақсы дамып келе жатыр. Зеренді, Щучьеде арнайы филиалдар жұмыс істейді. Қызығушылық танытып жүрген балалар бар.

Қатысушы жас жеткіншектердің жеңіске деген құлшыныстары көңіл қуантады. Омбы қаласының құрамасы турнирге тыңғылықты дайындықпен келген. Аталмыш құраманың бапкерлері осы турнирге ең мықты деген 7 каратэшіні әкелген.

АНДРЕЙ ИВАНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ОМБЫ Қ.)

Мен каратэмен 3 жыл айналысудамын. Осы жарысқа жақсы дайындықпен келдім. Жаттықтырушылар рух беріп, қолдап әкелді. Мен Омбы қаласынан келдім. Бірінші кездесу өткізіп, жеңіске жеттім.

 Облыстың намысын қорғап, туын көтеріп шыққан «Сардар» клубынан жарысқа 70-ке жуық спортшы қатысқан. Олардың 18-і жеңіс тұғырынан көрініп, облыс мерейін асқақтатты.

ДАМИР КАРИМОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ ( АҚМОЛА ОБЛЫСЫ)

Біз күн сайын жаттығамыз. Бірінші қарсыласым Новошимовкадан келген каратэші. Жеңіске жетеміз деген ойдамын.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға Зеренді ауданының «Зерен» клубы жайғасса, екінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы қанжығалады. Ал бірінші орынға елордалық «Арлан» құрамасы ие болды. Жеңімпаздарға  арнайы Алғыс хаттар мен кубоктар табысталды.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН КӨКШЕ-АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
16:52, 6 желтоқсан 2019
ВЛАДИМИР КАМАШОВ ТУРНИРІНІҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
16:49, 6 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
 «ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛМЕК
16:46, 6 желтоқсан 2019
«ҚҰТТЫ МЕКЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНЫП ЖАТҚАН ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР ЖЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
16:32, 3 желтоқсан 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
16:28, 3 желтоқсан 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ПӘТЕР КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...