ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

ШИРЕК ҒАСЫР ЖАРЫҚСЫЗ ОТЫРҒАН КӨШЕ

17:05, 14 қаңтар 2021

ДК: «Құрылысшылар қалашығы» шағын ауданына жататын 8 наурыз, Гагарин, Тәшенов және Әбілқасымов көшелерінде кешкі мезгілде тас қараңғы. Көптен бері осы маңайда тұратындардың айтуынша, ширек ғасыр  бойы осы мәселемен арпалысып келеді. Шағын ауданда әсіресе түнгі уақытта жүру қауіпті. Ал, таңертең ересектер жұмысқа, балалар мектепке барғанда өздерімен бірге қолшам алып жүруге мәжбүр.

РКС: Кеш түскен кездегі қараңғылық тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Тұрғындар өздерінің қауіпсіздігі үшін қыста кешкі 6-дан кейін, ал жазғы уақытта түнгі 10-нан кейін үйден шықпауға әбден үйреніп алған.

СНХ: ЖАНАРА ЛЕКЕРОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма///Осы шағын ауданда 17 жыл тұрамын. Бізде ешқашан көшелердегі бағандарда жарық болған емес. Балалар таңертең мектепке өздері барады. Бізде оларды апаруға мүмкіндік жоқ. Тәшенов көшесіне жеткенше кез келген жағдай орын алуы мүмкін.

СНХ: ТАТЬЯНА КРЕМЕР, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///аударма///Шынында да, бұл маңайда қаңғыбас иттер өте көп. Балалар болса, әлі кішкентай. Мен зейнеткермін, сондықтан немерелерімнің алдынан шығып, өзім қарсы аламын. Бірақ, мектепке үлкендерсіз өздері баратын балалар да бар. Мұнда су алатын құдықтарға қатысты мәселе де өте өзекті. Қыс басталса, осы құдықпен арпалысамыз. Өйткені, қатып қалады. Ең бастысы, балаларымыздың қауіпсіздігі үшін жарық мәселесінің тезірек шешілгенін қалаймыз.

РКС: Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің өкілдері  осы шағын ауданда көшеге жарық өткізу жуық арада шешілмейтінін айтады. Өйткені, жоспарда жоқ.

СНХ: СӘКЕН НАЗЫРОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ///аударма///Былтыр қала бойынша 3 мыңға тарта көше шамдары орнатылды. Бөлінген қаржы толығымен игерілді. Ал Шанхай, Бірлік және Собачий хутор шағын аудандарының жоспардан тыс қалып отыр. Өйткені, қаржы бұл аумақтарға жеткен жоқ.  Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша жоба болды. Оны тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы құрастырды. Жобаны олар жасады, ал учаскелерді біз көрсеттік. Бұл аудандар ол тізімге қосылмаған. Егер биыл бюджеттен қаражат бөлінсе, онда бұл аудандарға  шамдар орнатылады.

РКС: Тұрғындардың ширек ғасыр бойы көтеріп келген мәселесі биыл шешімін табатынына үміттеніп, күтуден басқа амалы жоқ.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН, МҮСЛИМА АСХАТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...