ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

ШОРТ-ТРЕКТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНДЕ ЖЕРЛЕСТЕР ӨҢІР НАМЫСЫН ЛАЙЫҚТЫ ҚОРҒАДЫ

15:11, 9 қаңтар 2020

 


Шорт-тректен  өткен ел біріншілігінен жерлестеріміз жүлделі оралды. Елорда төрінде  өткен сайысқа әр аймақтан 100-ге тарта шорт-трекші қатысқан. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Латифа Қаратаева жүлделі үшінші орынға ие болды. Өңір намысын  қорғаған жүлдегермен әріптесім  Абазал Азаматұлы жүздесіп қайтты.

Латифа бұл күні облыс орталығындағы №5 мектеп-лицейінде білім алады. Оның спорттың осы түрімен айналыса бастағанына 2 жылдан асыпты. Көптеген сайыстарда өзіне жүктелген міндет пен сенімді ақтап, талай мәрте топ жарған. Басты арманы - олимпиада тұғырын бағындыру. Айтулы Қазақстан біріншілігінде Латифа 500 метр қашықтықта сынға түсіп, үздік үштіктің қатарынан көрінген.

ЛАТИФА ҚАРАТАЕВА, ШОРТ-ТРЕКТЕН ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Мен осы жарыста мұз айдынына 3 рет шықтым. Өте қиын болды. Қарсыластар мықты. Жеңіске жеттім. Өте қуаныштымын. ++Басты арманым олимпиада  чемпионы болу.    

Аталмыш сайыс 2 күнге созылған. Өңір намысын жалпы құрамда 13  бала қорғаған. Мұз айдынына шыққан әр балғынның талабы таудан биік. Айта кету керек, спорттың осы түріне  қызыққан балалардың саны да күн санап артып келеді.

РҮСТЕМ  ӘЛЖАНОВ, ШОРТ-ТРЕКТЕН АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ

Бүгінгі таңда бізде 90-нан астам бала жаттығады. Балалардың жаттығулары үшін арнайы сирек кездесетін сапалы маттар алдық. 100 жұп коньки және 50-ге жуық форма да алынды. Барлық жағдай жасалған. Дайындық күн сайын өтіп тұрады. Бұл жеңіс біздің жетістігіміздің бастауы ғана.

Иә, балғын шорт-трекшілердің аяқ алысы  көңіл қуантады. Қазіргі таңда жас өрендер алдағы уақытта Степногорск қаласында өтетін чемпионатқа дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ,  ЖАХАНГЕР МҰҚАНБЕТОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:03, 8 сәуір 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
20:01, 8 сәуір 2020
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...