ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

ШОРТАНДЫ ХАЛҚЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН 98 % ҚАМТЫЛҒАН

19:35, 19 қараша 2020

ДИКТОР: Шортанды - Нұр-Сұлтан қаласын ауыл шаруашылығы өнімдерімен қаматамасыз етіп отырған негізгі аудандардың бірі. 10 айда тек елордаға 450 млн. теңгенің өнімі жеткізілген. Індет жайлаған кезде, әсіресе, қымызға  сұраныс күрт артты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 31 млрд. теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен екі есе жоғары.

СНХ: ҒАЙДАР ҚАСЕНОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мал басы: Ірі қара мал –15,5 мың, оның ішінде сиыр – 8 мың бас, қой            мен ешкі – 18,5 мың, жылқы – 7,5 мың, доңыз – 10 мың бас. Жылқы 8 процентке, ірі қара мал 6 %, сиыр 3%, қой мен ешкі 3 %-ке өсті. Есепті кезеңде 3 мың тоннадан астам ет, 13 мың тонна сүт, 3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

РКС: Зиян шеккен шаруашылықтар да бар. Мысалы, құс тұмауына байланысты аудан фермаларындағы  құс саны 18 процентке азайған. Бір қуантарлығы, аудан халқының 98 проценті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Шортандының негізгі капиталына 11 млрд. теңге  инвестиция тартылды. Нәтижесінде, теміржол мен үй-жайлар жөнделіп, ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды. 7 мың шаршы метрге салынған 36 пәтерлі тұрғын үй көпбалалы отбасылары мен халықтың әлеуметтік осал топтарына пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда ауданның барлық білім беру мекемелері ішкі және сыртқы бейнебақылаумен жабдықталған. Оқулықтармен қамтамасыз ету үшін 30 млн. теңгенің келісім-шарты жасалыпты. 10 мектеп пен балабақшаның құрылысы күрделі жөндеуден өткен. 

СНХ: ҒАЙДАР ҚАСЕНОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Аудан бойынша 24 мектепте 4600 оқушы білім алуда. 500-ден астам бала мектепке дейінгі дайындыққа барады.  643 мұғалімнің 54 проценті жоғарғы және бірінші санаттағы мамандар.  349 педагог қайта даярлаудан өтті. Ақпараттық-технологиялық орта құру  үшін облыстық бюджеттен бөлінген 15 млн теңгеге тиісті технологиялар алынды.

Елордаға жақын орналасқан Шортандының даму қарқыны жоғары. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 17 мыңға жуық. Биыл ауданда 946 жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 1,3 процентке тұрақтаған.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар