ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

СЛОВАКИЯДАН АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ІРІ ҚАРА ӘКЕЛІНДІ

15:06, 16 тамыз 2019

ДК: Облыс аумағында бүгінде шаруа қожалықтары мемлекет тарапынан «Ырыс» бағдарламасы бойынша 6 пайыздық, ұзақ мерзімді несие алу арқылы асыл тұқымдыларды сатып алуда. Бұл бағытта Кенесары ауылының сүт-тауарлы фермасы Словакия елінен 100 бас голштино-фриз тұқымды ірі қараны сатып алды. Сүт бағытындағы ірі қара баптап отырған шаруа қожалығының тыныс-тіршілігімен әріптесім Айжан Ақтаева танысып қайтты.

STAND-UP: АЙЖАН АҚТАЕВА, РЕДАКТОР: Қазір бұл шаруашылықта 100-ге тарта ірі қара тұр. Барлығы да сүтті бағытта. Голштино-фриз атты тұқымды алдағы уақытта 60 литрге дейін сүт беретін болады.

РКС: Арнайы жүк көліктеріне тиелген асыл тұқымды ірі қаралар облысқа төрт күнде келіп жетті. Голштино-фриз тұқымды ірі қараны жергілікті шаруашылық қабылдап алды. Әр сиырдың құны 900 мың теңгеге жуық. 

СНХ: АБЗАЛ КЕНЖЕАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл бағытта биылдық шамасында екінші шаруашылық осындай шетелден асыл тұқымды, сүтті бағытта мал әкеліп отырған. Соның бірі – осы «Омаров» шаруа қожалығы. Облысымызда болашақта «Ырыс» бағдарламасымен ірі қара сатып алуға әлі де ниет білдіруші шаруашылықтар бар. Сондықтан да биыл осы бағытта жұмыс жүргізуді әлі де жалғастырудамыз. Әлде де асыл тұқымды, шет мемлекеттерден сүт бағытындағы малдың басын көбейтуге қаржылай қолдау қоры жұмыс жасайтын болады.

РКС: Голштино-фриз – сүтті сиырлар. Бір ерекшелігі – шетелдік сиырлар өрісте жайылмайды. Жемі, суы алдында. Бұл ірі қара келер жылдардан бастап төл бергеннен кейін, селекция жүргізіліп, өңірдегі ірі қараның генетикасы жоғарылай бастайды. 

СНХ: РЕНАТ ҚАСЕНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Біздің шаруашылықтар 2018-2019 жылды алғанда 11 проект «Сыбаға» бағдарламасы бойынша кредит алып, Чехия, Словакиядан малдар әкелді. Және осы жылы «Ырыс» бағдарламасы бойынша 2 проект бізде несие алды. Біздің өңірімізде бұның пайдасы бізге жаңадан генетика келеді. Жаңа малдардың генетикасы келіп, біздің мал шаруашылығының дамуына үлкен үлестерін қосады.

РКС: Шаруа қожалығы 2011 жылы құрылған. Қазіргі таңда шаруашылық 7 адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа жалақылары шамамен жүз мың теңгені құрайды. Қожалық басшылығы пайызы аз несие арқасында ірі қара мал басын көбейтіп, шаруашылық өрге басады деп отыр.

СНХ: СЕРІК ОМАРОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Бұған дейін етті бағытта жұмыс істесек, ендігі кезекте сүтті бағытқа бет бұрып жатырмыз. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан 77 млн теңге несие алып, 100 бас голштино-фриз тұқымды ірі қара сатып алдық. Бүгінде сүтке деген сұраныс жоғары. Сондықтан да бұл бағытта жұмыс істеу тиімді болып отыр.

РКС: Жалпы, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап Ақмола облысына шетелден 700-ге жуық ірі қара әкелінген.

АЙЖАН АҚТАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...