ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

«SMART AQMOLA» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЖОБАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

19:03, 15 сәуір 2019

РКС: «Смарт Ақмола» жобасы сандық технологияны қолдану арқылы инновациялық дамудың даңғыл жолына шығуға мүмкіндік береді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев тәжірибе жүзінде қолданысқа енгізілген облыстық әкімдіктің ақпараттық-сараптамалық жүйесімен танысты. Бұл жерде облыстық басқармалар мен аудандық бөлімдерден келіп түскен ақпарат өңделіп, оған мониторингтік сараптама жүргізіледі. Аталмыш жүйе ғаламтор арқылы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жарияланған материалдарға да сараптама жасайды. Жаңашылдықтың енді бірі - құрылыс нысандарын автоматты түрде бақылау жүйесінің енгізілуі. Құрылыс үрдісінің барлық қатысушылары үшін бірыңғай алаң онлайн-режиде нысандардың қазіргі ахуалы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Облыс әкіміне сондай-ақ, туристік өңірді цифрландыруға қатысты жобалар таныстырылды.

СНХ: МАРАТ ИҒАЛИЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// «Смарт Ақмола» геопорталын ұйымдастырдық. Геопорталда туризм деген опциясы бар. Қазірде кіруге болады, онда Көкшетау, Бурабай, Зеренді аймақтарын қарауға болады. Аудио тыңдауға да болады. Қазақстанда бірінші рет виртуальная реальность жасадық. Қай жерге қалай баруға болады, барлық ақпарат беріледі. ///

РКС: Облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа сонымен қатар өңірдің барлық ақпараттық жүйесіне ену мүмкіндігі бар бірыңғай ақпараттық порталы таныстырылды. Бұл жүйе ақмолалықтарға қолжетімді болуы үшін мобильді қосымша әзірленген. Ол арқылы кез-келген тұрғынның тиісті органдарға толғандырған сауалын жолдап, қажетті жауабын алуларына мүмкіндіктері бар.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН БЕЖЕНТАЕВ, «SMART AQMOLA» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// Ағымдағы жылы жер бойынша мемлекеттік қызмет көрсету модульдерін әзірлемекпіз. Яғни, ақмолалықтар геопорталға кіріп, өзіне қажет ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ала алады. Жер телімшесіне қатысты ақпарат алып, аукциондарға қатысу мен өздерінің кез келген сауалдарын жолдай алады. бұл жергілік атқарушы  орган мен тұрғындардың бірыңғай алаңы. Сондықтан, бұл әкімдіктің халыққа неғұрлым жақын болуына мүмкіндік береді. ///

РКС: Ақылды аймақты қалыптастырудағы басты мақсат – қызмет сапасын арттырып, адамдар мен бизнеске қолайлы жағдай жасау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындар мен ұйымдардың мемлекеттік құрылымдармен байланысын нығайту. Жоба бюджет шығынын азайтуға және мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Десе де, инновациялық орталық ескі ғимаратта орналасқандықтан, жөндеуді қажет етеді. Ғимаратты жөндеуге қатысты жобалық-сметалық құжат әзірге мемлекеттік сараптамадан өтуде. Қаржы сомасы нақтыланған соң, биыл жөндеу жұмыстары басталады,- дейді «SMART AQMOLA» кеңсесінің мамандары.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
19:52, 14 маусым 2019
УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ БЕКЕТІ - ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Толығырақ...
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ  БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ  БЕРІЛДІ
19:52, 14 маусым 2019
ҚОС ДӘРІГЕРГЕ БАСПАНА СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
18:46, 10 маусым 2019
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Толығырақ...