ШҰҒЫЛ! СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ Толығырақ

СОҢҒЫ 8 АЙДА СОТ ІСТЕРІНІҢ ТЕК 7,5% МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҚАРАЛҒАН

19:54, 11 қыркүйек 2020

ДИКТОР: Соңғы сегіз айда облыста сот істерінің  тек 7,5 проценті мемлекеттік  тілде   қаралған. Республика   бойынша  бұл көрсеткіш 17 процент. Тәуелсіз  мемлекет  үшін  бұл  сын әрине. Облыстық сот Қазақстан Республикасының тілдері күні аясында осы тақырыпты талқылап, жиын өткізді.  

РКС: Өткен  жылдардағы статистика мүлдем көңіл көншітпейді. Өңірдегі сот істерінің тек 1,3 проценті  мемлекеттік тілде жүргізілген. Бұған себеп –  шағымданушылардың көбі орыс тілді қазақтар. Сондықтан, мәселенің түйінін шешу үшін алдымен әр азамат  мемлекеттік тілге жанашыр болуы керек.

СНХ: ДОСЖАН ӘМІРОВ, ОБЛЫСТЫҚ  СОТТЫҢ  ТӨРАҒАСЫ/// ҚАЗ//  02:56 Бүгінгі күні статистика бойынша облысымызда 51 процент қазақ ұлтының азаматтары. Соттың айналасына келетіндер, сотқа талап беретіндердің 40 процентіне жуығы өзіміздің ұлттың өкілдері. Бірақ көрсеткіш бар болғаны  7,5 процент болып отыр.+02:00+Ссондықтан, судьялар қауымдастығы заңдарды толыққанды түсіндіре отырып, халықтың өзінің ана тілінде іс қағаздарын жүргізу мәселесі, өз құқығын қорғау мәселелерін қолға алып жатырмыз.

РКС: Мемлекеттік  мекемелерден  сотқа келіп түскен арыздардың басым  көпшілігі  орыс  тілінде. Сол себепті облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров судьялар мен прокурорларға  азаматтық батылдық қажеттігін айтты. Яғни, қазақ тілінің сот істеріндегі қолданыс аясын кеңейтуде олардың да рөлі басым.

СНХ: АМАНГЕЛДІ АҚЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ/// ҚАЗ///  00:26 Президент болу үшін ана тілден емтихан тапсырады. Мемлекет қызметкерлерінде ондай жоқ. Көбінде, мемлекеттік мекемелерде, әкімшіліктерде шенеуніктер орыс тілінде әңгіме жүргізеді. Орыс тілінде іс-шаралар өткізеді. Мен ойлаймын, сондай емтихан болса, мемлекеттік қызметкерлер өз тарапынан қазақ тілін оқуға талпынар еді.

РКС: Ақмола облысы әкімінің орынбасары  Айна Мүсірәлімова өңірде қазақ  тілін  дамытуға  жіті көңіл бөлініп жатқанын айтты. Аймақта қазақ тілді мектептердің саны басым. 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ ҰСЫНДЫ
19:25, 23 қыркүйек 2020
ДЕПУТАТТАР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ КҮШЕЙТУДІ...
Толығырақ...