ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ СЫҢҒЫРЫ

13:56, 13 мамыр 2020

 

ДК: Мектеп бітіруші түлектер үшін жағымды жаңалық. Яғни, 3-4 маусым күндері мектеп аулаларында түлектерге аттестат табысталып, соңғы соңырау соғылады. Сонымен қатар, ұлттық бірыңғай тестілеу 20-шы маусымда штаттық режимде өтеді деп жоспарлануда. Десе осы шаралардың барлығы қатаң санитарлық режимде өтуі шарт. Тағы қандай өзегерістер еңгізілді? Жас өрендерге қандай талап қойылмақ? Әріптесім Абзал Азаматұлы біліп қайтты.

Ест.шум қоңырау  үні

РКС: Иә, дәл осы соңғы коңырау үні мектеп бітіруші түлектердің жүректерін тербеп, жүздеріне қуаныш ұялататыны анық. Бірақ осы жылы қоңырау сыңғыры кешігіп соғылмақ. Пандемияға байланысты салтанатты шара маусымның 3-4 күндері өтпек. Түлектерге де қатаң талап қойылған. Яғни, шараға қатысатын түлектер мен ұстаздар санитарлық нормаларды сақтаулары қажет.

СНХ: БАЯН СӘРСЕНБАЕВА, СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ  № 18 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ//қаз//Биылғы соңғы қоңырау жылдағыдан ерекше. Яғни, мектеп алаңында таза ауада барлық санитарлы ережелерді сақталумен ұымдастырылады. Ал,басты ерекшелігі  сап түзеуге тек қана түлектер, сынып жетекшілері мен мектеп әкімшілігі ғана қатысады. Ата-аналар мен қонақтар қатыстырылмайды. Оқушылар да міндетті түрде маска мен перчаткаларда болады. Өтетін шараның уақытына да мән беріледі. Ұзақ болмайды.

РКС: Ал, ұлттық бірыңғай тестілеу жылдағы форматта өтеді. Биыл тестілеуге өтінім беру онлайн түрде қабылданды. Тестілеу кезінде аудиторияда отыратын талапкерлердің арақашықтығына да  баса назар аударылады. Арнайы антисептиктер қойылып, сағат сайын дезинфекцияланады. .

СНХ: ҚУАНЫШ МҰХАМЕДЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///қаз//Қазіргі уақытта 3682 түлектен өтініш келіп түсті. Соның 2822 түлегі Ақмола облысының тестілеу пунктінде бекітілген.  Қалған 855 түлек Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Ал, тестілеу 20 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді деп жоспарланған. Санитарлық талаптар орындалады. Аудиториядағы студенттердің алшақтығы мен санына мән береміз.  Ақмола облысы бойынша 8 пункт бар. Барлығы қазір дайындалып жатыр.

 

РКС: Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеудегі шектік балл 70. Алғашқы сынақтан сүрінген талапкерлер тамыз айында қайта тапсыра алады.  Айта кетейік, осы жылы облыс бойынша 4472 жас түлек мектеп бітіреді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, ШОҚАН ТАУКИЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...