ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ

14:58, 18 ақпан 2019

РКС: Ышқынған боран жарысқа қатысушыларды сәл әуре-сарсаңға салғаны бар. Десек те, соған қарамастан сот мамандары дәстүрлі турнирге бір үйдің баласындай жиылыпты. Ақмола облысы сот жүйесі мамандары мен соттары арасындағы ұйымдастырылған екінші спартакиадаға 4 құрама команда жасақталған. Аудандық соттардың құрамасы «Батыс» және «Шығыс» деген атаумен сынға түсті. Көкшетау қаласы сотының командасы мен мамандандырылған соттардың құрамасы да бұл жарыстан қалыс қалған жоқ. Ақмола облыстық сотынының төрағасы Досжан Әміров спорттық шаралар ұйымшылдық пен бірлікке жетелейтінін, әрі салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал тигізетінін атап өтті.

СНХ: ДОСЖАН ӘМІРОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ /// Бүгін Ақмола облысы соттар қауымдастығы арасында қысқы спартакиада өтіп жатыр. Бұл шаңғы жарысынан. Былтыр осы жарысты бастағанбыз, енді жалғастырып жатырмыз. Негізгі мақсаты- Елбасының сарабдал саясатын іске асыру, орындау. Елбасы кезекті Жолдауында қазақстандықтардың кем дегенде 30 пайызы спортпен шұғылдану керек дейді. Бұл енді жақсы бастама деп ойлаймын.

РКС: «Елікті» тау-шаңғысы кешенінде өткен дәстүрлі қысқы спорт ойындарында бақ пен бап сынасқан  150 сот маманы қатысты. Айта кетейік, спартакиада шаңғымен таудан түсу, жазықтықтағы шаңғымен жарыс және эстафета түрінде өтті.

СНХ: БАУЫРЖАН БАЙМУРЗИН, ОБЛЫСТЫҚ СОТТАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ   ///  «Дені саудың, жаны сау» демекші, біз отбасымызбен, балаларымызбен осы спартакиадаға келіп отырмыз. Барлық облыс аудандары мен қалаларынан сот мамандары және мемлекеттік қызметшілер қатысып отыр. Таза ауамен дем алып, серпілгенге не жетсін.

РКС: Шаңғы жарысында әділдікті жанына ту еткен әділ билердің және сот қызметкерлерінің арасында шаңғымен таудан түсуден алғашқы орынды ер адамдар арасында Көкшетау қалалық сотының  төрағасы Ринат Шақуанов алса, ал әйелдер арасында қалалық сот маманы Динара Жамшитова еншіледі. Ал, шаңғымен жарыста Көкшетау қалалық сотының судьясы Қайрат Хасенов алға суырылып шықты. Жарыс соңында қатысушыларға мадақтамалар мен спартакиаданың арнайы кубоктары табыс етілді.

МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...