ШҰҒЫЛ! 25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ Толығырақ

СПОРТШЫЛАР ЖАЛАҚЫЛАРЫН АЛА АЛМАЙ ЖҮР

19:41, 19 қараша 2020

Жүргізуші: Көкшетаулық "Синегорье" баскетбол командасының ойыншылары жалақыларын ала алмай жүр. Спортшыларға жыл басынан бері еңбекақы төленбеген. Қазір спорт клубы банкорт болудың аз-ақ алдында.

Тілші: "Синегорье" баскетбол командасы соңғы 10 айда жалақы алмаған.Жыл басында ел біріншілігінде өнер көрсеткен. Ал наурыздың ортасында чемпионат пандемияға байланысты тоқтады. Клуб қыздар командасына 5 миллион, ерлер тобына, шамамен, 12 миллион теңге қарыз.    

СНХ: АЯГӨЗ СЕРІКОВА БАСКЕТБОЛШЫ///(Аударма)//Бұл мәселе қашаннан бар. Мәселен, 2019 жылдың жалақысын биыл сәуір айында ғана алдық. Біз ойындарға қатыстық, жаттығуларды өткіздік, яғни біздің тараптан міндеттің барлығы орындалды. Алайда, жалақымызды алған жоқпыз.

СНХ: ДАМИРА ӘУЕЛБЕКОВА БАСКЕТБОЛШЫ///(Аударма)///Бастапқыда айтылған уәде, шарттар іске аспады. Бізді клубта ақша бар, барлығы жақсы болады деп сендірді. 

Тілші: Ал клубтың өзі тендерге тәуелді. "Синегорье" командасы коммерциялық емес ұйым. Жыл сайын мемлекеттік сатып алуға қатысып, бюджет қаржысы есебінен жұмыс істейді.

СНХ: ОЛЬГА БЕЛОДЕД "СИНЕГОРЬЕ" КЛУБЫНЫҢ ӨКІЛІ///(Аударма)/// 2019-2020 жылдарға арналған маусымға қатысу үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы былтыр 20 миллион теңге бөлді. Ал шығынымыз - 150-160 миллион теңге. Бізге жаңа мемлекеттік сатып алу биыл жылдың басында өтеді делінді. Соған сеніп, жұмыс істей бердік. Бірақ, өткізілген тендерлердің барлығы жарамсыз деп танылды.  

Тілші: Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері  ойыншылармен келісім-шарт жасау, жалақы төлеу - клубтың ішкі мәселелері дегенді айтып, бастарын ала қашып отыр.

СНХ: ӘСЕТ БҮКІБАЕВ  ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ///(Аударма)///Біз жыл басында мемлекеттік сатып алу өткіздік. Бір ғана қатысушы болғандықта, жарамсыз деп танылды. Кейін пандемияға байланысты баскетбол федерациясы ел чемпионатын уақытынан бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады. Сондықтан тендерді қайта өткізу негізсіз деп шешілді.  

Тілші: Осылайша, спортшылардың жалақысы қашан және қалай төленетіні әлі белгісіз. Ойыншылар енді  сотқа жүгінбек.

Тақырып бойынша материалдар

«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
19:43, 25 қараша 2020
«АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 12 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫ...
Толығырақ...
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
19:41, 25 қараша 2020
25 ҚАРАША- ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫ ЖОЮ КҮНІ
Толығырақ...
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ  СЪЕЗІ ӨТТІ
19:40, 25 қараша 2020
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХ СЪЕЗІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар