ШҰҒЫЛ! ТІЛ ЖАНАШЫРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕНДЕР

13:16, 22 мамыр 2020

ДИКТОР: Көкшетау қаласында соңғы жылдары бірнеше спорт алаңдары салынып, жұртшылық игілігіне берілді.  Бір қуанарлығы – салауатты өмір салтын  қалыптастырып, спортты жанына серік  еткен адамдар карантин режимі жеңілдетілген күннен бастап спорт алаңдарынан табылуда.

 

РКС: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті төңірегіндегі  саябақ пен спорт алаңы жұртшылықтың сүйікті орнына айналған. Күн жылып, карантин режимі  аз-кем жеңілдетілгеннен кейін  таңғы жаттығуға  шығушылар саны еселеп артты.  Спортты серік еткендер арасында  көпшілікке  танымал әншілер, мәдениет қызметкерлері, шығармашылық тұлғалар да аз емес.

ЕСТ.ШУМ

СНХ: ҚАЖЫБАЙ ЖАХИН, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ/// ҚАЗ/Мен кешегі Кеңес одағына танымал балуандар дүниеге келген Көксеңгір өңіріндегі  Чапай елінің тумасымын. 3 жасымнан домбыра шертіп, ән айттым. Мектепте оқып жүргенде күреспен айналысып, Алматыдағы өнер колледжін тәмамдаған соң, Көкшетауға оралдым. Осы сүйікті қаламда  ағайынды Сабыржан және Қадыржан Мәкеновтерден бокс өнерін үйрендім. Күні бүгінге дейін спорттан қол үзген емеспін.

РКС: Расында да, спорт әнші Қажыбай Жахиннің  шығармашылығын шыңдап, сахнадағы  әдемі келбетін әрлей түсті. Соңғы жылдары көсілте жазып жүрген әдебиетші Дәулет Оспанов та спортты жанындай сүйеді.

СНХ: ДӘУЛЕТ ОСПАНОВ, ӘДЕБИЕТШІ///ҚАЗ///Соңғы жылдары Көкшетауда 30-дан астам спорт алаңдарын салынғанын білемін. Біз тұратын осы ауданда да мына спорт алаңы өткен жылы пайдалануға берілді.  Осы орайда тұрғындар атынан  облыс, қала басшыларына алғысымыз шексіз. Бұл жерде  жас балалардан бастап, ересектер күнде таңертең жаттығу жасайды. Шығармашылық адам үшін де спорттың  тигізер септігі зор.

РКС: Спортты жанына серік етіп, өздерін сергек ұстайтын  қала тұрғындарының  таңғы  жаттығулары  ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейтін тәмсілдің айғағы емес пе?

ОТВОДКА: Салауатты өмір салты жайлы түсірілген репортаждың толық нұсқасын алдағы бейсенбі, 28 мамырда 18 сағат 00 минутта «Олимпке жол» хабарынан көресіздер!

 

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
20:11, 18 қыркүйек 2020
5 АУДАНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ТӨМЕНДЕП КЕТКЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТАРҒА ДЕЙІН ҚЫСҚАРДЫ
19:48, 15 қыркүйек 2020
ИГЕРІЛМЕГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ 502 МЫҢ ГЕКТА...
Толығырақ...
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
19:58, 16 қыркүйек 2020
КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...