ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

СПОРТТЫҚ БИДЕН ЖЕРГІЛІКТІ ҚҰРАМА ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

17:38, 10 қаңтар 2020


Жерлес жас жеткіншектер спорттық биден Екатеринбургте  өткен халықаралық турнирден жүлделі оралды. Төрткұл дүние көз тіккен додада 2500-ге жуық би тобы өз бақтарын сынады. Кіл мықтының арасында жерлес жас өрендер үздік өнер  көрсетіп, жеңіс тұғырынан  көрінді.

Халықаралық жарысқа қатысып, жүлделі орынға ие болғандардың бірі - Богдан Ручка мен Амаль Байсалбаева. Бұл жұп мұндай үлкен додаға екінші рет қатысқандықтарын айтады. Осыған дейін қос спортшы «Санкт-Петербург кубогы-2019» турнирінде жүлделі  атанған. Екеуінің жұп болып билеп жүргендеріне жарты жылдың ғана көлемі болған. Қос биші аталмыш байқауда 68 жұптың ішінен суырылып шығып, 2-ші орынға жайғасқан. Бұл үлкен  нәтиже.

БОГДАН РУЧКА,  СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Біз Амаль екеуміз қыркүйек айынан бастап жұмыс жасап жатырмыз. Дайындық жақсы болды. Осындай  нәтижеге жетеміз деп өзіміз күтпедік. Ең бірінші ата-анама, жаттықтырушыларыма және серігіме үлкен алғыс айтам.

АМАЛЬ БАЙСАЛБАЕВА, СПОРТТЫҚ БИДЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Бәрі тамаша өтті. Өте мықты қарсыластар болды. Біз барамызды салдық. Бізді қолдаған жандардың барлығына рахмет айтам. Ал әріптесім Богданға ерекше ризашылығымды білдіремін.

Айта кету  керек, айтулы  әлемдік жарыста өңір намысын үш жұп қорғаған. Олардың барлығы үздік өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленген. Қазіргі таңда жас жеткіншектер алдағы  сайыстарға дайындық жұмыстарын бастап та кеткен.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...