ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ

19:22, 17 мамыр 2019

РКС: «Startup Bolashak: менің арманым» республикалық байқауына қатысатын әр жас ойында жүрген тың жобаларын ұсынып қана қоймай, келешекте оларды іске асыруға мүмкіндік алады.  Бұл дегеніміз, топ жарып, жүлдеге ие болған әр қатысушы ұсынған жобасына қаржылай сыйақы алады. Тың жобаларды іске асыруға мүмкіндік беретін республикалық байқаудың 3-ші кезеңі Петропавл қаласында бастау алып, Көкшетау қаласында өз жалғасын тапқан.

СНХ: ДАМИР МІНАЙДАРОВ, «STARTUP BOLASHAK : МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: / Жалпы байқауда түрлі жобалар ұсынылуда. Олардың қатары жылыжайлардан басталып, мобильдік қосымшалармен аяқталады. Түрлі бағыттағы осындай жобалар көңілге қуаныш ұялатады. Себебі, жастардың жан-жақты болуы аса қажет. Тағы бір атап өтерлігім, осындай түрлі жобалардың арасынан ең үздігін таңдап алу үшін сарапшы ретінде жергілікті кәсіпкерлер әділ бағасын беруде.  

РКС: Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, қатысушылардың кәсіпкерлікке деген қызығушылығы мол болған сайын, олардың тақырып таңдаудағы үлесі де зор болмақ.  Яғни, жобаларын одан әрі жетілдіруге құлшынысы артпақ. Осылайша, 2 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан республикалық байқауға 16 жастан 29 жасқа дейінгі аралықтағы 11 мың жас өз жобаларын ұсынған.   

СНХ: САҒЫНТАЙ ЕЛУБАЕВ, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: /// Бұның кереметтігі, балалар өз ойын ашады, өздерінде жүрген жақсы идеяларын ортаға салады. Біздің Қазақстанымыздың патриоты болу, елді одан әрі дамыту, оның әлемутеттік жағы болсын, экономикалық жағы болсын, соны жақсарту. Біздің облысымыздың өзінде қаншама актулды проблемалар бар. Соларды көтеру керек. +Биыл енді Жастар ыжылы ғой. Елдің болашағы осы жастар. Сондықтан, осы жастарымыздың ойынан туындаған жаңа жобалар елдің дамуна үлес қосады деген ойдамыз.

РКС:  Республикалық байқауға қатысу үшін өңірден 298 жас өтінім білдірген. Олар ұсынған жобалардың 17-сі үздік деп танылды. Енді, осы жүлдегерлер Павлодар қаласында өтетін ширек финалға қатысып, одан суырылып алға шыққандары Нұр-Сұлтан қаласында телешоу ретінде өткізілетін байқаудың ақтық сайысында бақтарын сынамақ.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар