ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНДА 163 МЛРД. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН ӨНІМ ӨНДІРІЛГЕН

15:10, 9 қаңтар 2020

 


Өңіріміздегі өнеркәсіптің ордасы саналатын Степногорск қаласында 2019 жылы 163 млрд теңгені құрайтын өнім өндірілген. Қала экономикасына 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Ал қала тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 160 мыңнан асып жығылады. Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық ахуалы бойынша өткен жылға қорытынды жасаған әкім Еркебұлан Баяхметов бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте осылай мәлімдеді. Толығырақ тілшіміз тарқатсын.

Сарыарқаның төріндегі жас шаһар өткен жылы 55 жылын атап өтті. Көп жылдар бойы заты бар да, картада аты жоқ болған қала бүгінде әлеуметтік-экономикасы қарқынды дамыған аймаққа айналып үлгерген. Брифингте Степногорск әкімі Еркебұлан Баяхметов өткен 2019 жылы өңірдегі  өнеркәсіп өнімінің 163 млрд теңгені құрағанын айтты.

ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Кәсіпорындарға жекелей тоқталатын болсақ, «ЕПК Степногорск» кәсіпорнында өндіріс өнімінің көлемі 32 пайызға, «Қазақ Алтын» 32,4 пайызға, Степногорск тау-кен-химиялық комбинаты 6,8 пайызға, «Қазатомпром» 46,1 пайызға, «ҚазақАлтын Технолоджи» 62,1 пайызға артқан.

Өңірде 3400 шағын және орта бизнес өкілдері өз шаруаларын дөңгелетіп отыр. Оларға салынған салықтан бюджетке 2,5 млрд теңге қаржы түскен. Ауыл шаруашылығы бойынша жалпы өнім 5 млрд теңгені құрайды. 2019 жылы Степногорск ауылдарында 5 сүт-тауар фермасы, шағын құс фабрикасы, қоян фермасы ашылған.

ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,3 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылда 12,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 30 жылдан  бері алғаш рет «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер құрылысы басталды. Нәтижесінде екі 45-пәтерлік тұрғын үйдің іргетасы қалануда.

Қаладағы жол желісіне жөндеу жұмыстары оңтайлы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, таза сумен қамтамасыз ету мақсатында «Сопки-305» атты су тазарту қондырғысы іске қосылмақ. Өткен жылы өтінім берген азаматтардың 99 пайызы жұмысқа орналастырылып, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2 пайызға жеткен. Әкім Еркебұлан Еркешұлының мәліметінше, бүгінде Степногорск тұрғындарының орташа айлық көрсеткіші 160 208 теңгеге жетіп отыр. Брифинг соңында әдеттегідей журналистер тарапынан сұрақ қойылды. Солардың бірі – Степногорск полигонында көктемде орын алған өрт мәселесі еді

ЕРКЕБҰЛАН БАЯХМЕТОВ, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Полигон қоқыстарын көму жеке компанияның міндетінде болатын. Олар қаржы жинау жұмыстарын салғырт атқарып, салдарынан өз есебінен шығынға батты. Қазіргі уақытта аталмыш компания тиісті қаржыны жинады, проблема шешілді деуге болады. 

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  САБЫР ҚҰЛАТАЙ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...