ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

СТУДЕНТТЕР ШӘКІРТАҚЫСЫ ЖАҢА ЖЫЛДАН БАСТАП АРТАДЫ

17:22, 12 желтоқсан 2019

 


2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттердің шәкіртақысы 25%-ға артады. Мұндай тапсырманы «Жастар жылын» қорытындылау салтанатында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев берді. Шәкіртақыны арттыру колледж студенттеріне де қатысты болмақ.

Жастар үшін ең басты қажеттілік – білім алу, жұмыспен қамтылу және баспаналы болу. Қазіргі таңда мемлекет осы үш маңызды мәселені шешуде келелі жұмыстар атқаруда. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай шаралар кәсіби білімнің дамуына серпін бермек.

АНГЕЛИНА КРУПАДЕРОВА, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ

Біз кеше Президентіміздің стипендияны 25% - ға арттыру туралы Жолдауын тыңдадық. Бұл жаңалық студенттерді ерекше қуантып, шабыттандыра түсті. Ең бастысы, стипендия тек бакалаврларда ғана емес, магистранттар мен докторанттарда да артады. Бұл студенттердің әрі қарай оқуға деген ынтасын арттырады деген ойдамын. Біз бұған өте қуаныштымыз. Және де Президентіміздің саясатын қолдаймыз. Өз атымыздан үлкен алғыс білдіреміз.

Студенттер қашан да қолдауға мұқтаж. Алайда, мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік бәріне бірдей. Оған тек өзіңнің талабың мен білімін болуы қажет,-дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Нұрлан Жарқынбай.

НҰРЛАН ЖАРҚЫНБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ ТӨРАҒАСЫ

Кеше ғана Президентіміздің Жастар жылындағы қорытынды жиналысының Жолдауына тоқтала кететін болсақ, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы студенттер үшін керемет жаңалықпен бөлісті десек болады. Яғни, 2020 жылдың 1 қантарынан бастап студенттік шәкіртақыны 25 пайызга көтеру. Бұл дегеніміз барша еліміздегі студенттерге, жоғары оқу орнындағы грант иегерлеріне тамаша мүмкіндік. Қорытындылап айтатын болсақ, біздің Президентіміз жастарға сеніп отыр. Және де сол сенімді алдағы уақытта ақтаймыз деген үміттеміз. Біз Президентіміздің саясатын қолдаймыз. Алғыс білдіреміз. 

Иә, үкімет білім алуға талпынған жастарға барынша қолдау көрсетіп жатқаны жасырын емес. Оған келер жылдан бастап 130 мыңдай студенттің шәкіртақысының өсуі дәлел болмақ.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...