ШҰҒЫЛ! КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР

19:20, 26 қазан 2020

ДИКТОР: Көкшетаудағы жоғары оқу орындарының бірінде халықаралық процестерді зерттеудің жалғыз орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша студенттерді дайындайтын негізгі база. Сондай-ақ, орталықта «Дипломат» кәсіби клубы жұмыс істейді.

РКС: Орталықтың басты мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми және білім беру үдерісін насихаттау. Орталық төрт бағытта жұмыс істейді.

СНХ: АРДАҚ ҚАПЫШЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ТАРИХ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ///аударма///Материалдық-техникалық базаға келетін болсақ, Солтүстік Қазақстанда орталықтың басқа баламасы жоқ.  Біздің орталықта кішкентай ньюанстарға дейін қаралады. Студенттер мен мұнда жұмыс істеуге келушілерге арналған үстел, орындықтар, бәрі бар. Біз шетелдік серіктестермен байланыстамыз. Бұл Польша, Венгрия, Ресей Федерациясы және басқа елдер.

РКС: «Дипломат» кәсіби клубында студенттер әр түрлі пікірталастар мен тренингтерге қатысу арқылы коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік алады.

СНХ: МАРИНА РОЖКО, СТУДЕНТ ///аударма/// Жақында ғана БҰҰ күні аталып өтті, оған біздің орталық та  қатысты. Сондай-ақ, Қиыр Шығыстағы федералды университетімен онлайн-конференция өтті. Оған Марина Лебедева, Павел Цыганков сияқты халықаралық қатынастар саласындағы танымал тұлғалар қатысты.

РКС: Орталықтың негізгі қағидалары – транспаренттілік, академиялық еркіндік және тәуелсіздік. Аудиториялар келіссөздер мен хаттамалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін жабдықталған.

СНХ: РИЗЗАТ ЕЛУБАЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ ///аударма/// Халықаралық процестерді зерттеу орталығының тағы бір стратегиялық міндеті-халықаралық аймақтарды зерттеу. Мысалы, Ақмола облысының Канада провинцияларымен көптеген ұқсастықтары бар. Біз Орталық аясында Канада аймақтарын, олардың дамуын зерттеп, осыған сүйене отырып, салыстырмалы талдау жасағымыз келеді.

РКС: Жоғары оқу орнының жетекші оқытушылары жасалған талдау негізінде серіктестік халықаралық қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстар дайындайтындарын жеткізді.

ГҮЛМАЙДАН НҰРЖАНҚЫЗЫ, АСЛАН АБУТАЛИПОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.

 

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
19:18, 24 қараша 2020
САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН АЛҒАШҚЫ ПАРТИЯ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар