ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛДІ

15:54, 6 ақпан 2020

ДИКТОР: Көкшетауда «Таза сессия» акциясы бастау алды. Арнайы мониторингтік   топ  облыс  орталығындағы  оқу орындарының жатақханаларын тексеріп, рейд жүргізді.  Олар заман талабына қаншалықты сай, студенттердің тұрмыстық жағдайы қандай? Айтулы шара осы сауалдарға жауап іздеді.

РКС: 320 адамға шақталған жоғары техникалық колледжінде қазір 298 студент тұрады.  Оларға  жақсы  жағдай  жасалған – бөлмелері  жылы,  кір жуатын, душқа түсетін орын, асханасы бар. Арнайы құрылған мониторингтік топта облыстық мәслихаттың хатшысы Әлібек Баймағамбетов те бар. Халық қалаулысы бұл жатақханаға жөндеу жұмыстары жасалмай тұрған шағын өз көзімен көрген болатын. Енді қазіргі күйін өткенмен салыстырып көрді.

СНХ: ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ///рус/// Тұрмыстық бөлмелер бар. Жақсы өмір сүру үшін мұнда барлық қолайлы жағдай жасалған. Мұнда тегін тұратын студенттер де, жатақханада ақысын  мемлекеттік бағдарлама бойынша төлеп тұратындар да бар. Шәкіртақының өскенін ескерсек,  оның құны  көп емес, 1500 теңге ғана.  Студенттер айтқан барлық ұсыныстар мен ескертулерді журналға жазып алдық. Әрине, мәселенің  болуы орынды.

РКС:  «Жас Отан»  жастар  қанаты  мен  «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің  өкілдері  студенттерден  жатақханада  тұрудың  оң  және  теріс  тұстарын сұрады.  Мұндағы  жағдай  көптің  көңілінен  шығады.

СНХ: СВЕТЛАНА  МИЩАНСКАЯ, ЖОҒАРЫ  ТЕХНИКАЛЫҚ  КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ/// РУСС// Жатақханада бірінші курстан бері тұрамын. Екінші курстың басында пәтерге көштім. Кейін қайтадан осында келдім. Кемшіліктер жоқ. Су қашан да бар, душ, дәретхана істеп тұр. Кейде кешкісін бәрінің соңынан келсең, су салқын болады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі.

РКС: Рейд барысында кейбір кемшіліктер анықталды – жатақхананың кіре берісіндегі жарық аз, «Вай –фай» желісі жоқ,  құлыптар берік емес. Бұл тек алғашқы нысан ғана. Әрі қарай  қаладағы колледж және жоғары оқу орнының өзге де жатақханалары тексерілді.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ЗАРИНА  ДИСЮКЕЕВА,  ПАВЕЛ  СОЛОВЬЕВ, ШОКАН ТАУКИЕВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
18:20, 22 қазан 2020
ОБЛЫС АУМАҒЫНДА АУА РАЙЫ КҮРТ БҰЗЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...