ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

15:56, 6 ақпан 2020

Өңірде су добынан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш бәсекеге Нұр-сұлтан, Алматы, Тараз, Атырау қалаларынан және Көкше өңірінің спортшылары қатысты. Тартысты ойын додасы жайлы әріптесім Абзал Азаматұлы тарқатады.

РКС:Айтулы спорт бәсекесі облыста алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Екі күнге созылған жарыста жас сайыпқырандар бар шеберліктерін көрсете білді. Жарыстың алғашқы күні құрамалар жеребе арқылы жұпталып,  ойынның бірінші кезеңін бастаған. Алғашқы айналымда ұпай санымен жеңіске жеткен құрамалар ақтық сынға жолдама алған.

СНХ: ЕРЛАН НЫСАНБЕКОВ, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ (Нұр-сұлтан қ)//қаз//Жарыс жоғары деңгейде өтіп жатыр. Командалардың дайындығы да жаман емес. Бірақ мықтының мықтылығын мойындаған жөн. Ең мықты ойынды Тараз құрамасы  көрсетіп жатыр. Техникалық болсын, командалық болсын айла-әдістері сәтті жүзеге асуда. Барлығына сәттілік тіледім.

РКС: Ал,  жергілікті құрама жарыс жолын сәтті бастаған. Алғашқы айналымда Атырау қаласының құрамасымен кездесіп, қарсылас қақпасынан саңылау таба білген. Ал, ақтық сында  олар Тараз қаласының спортшыларымен кездесіп, есе жібереді.

СНХ: НАУАН КӨКІШЕВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (Көкшетау қаласы)//қаз//Осы турнирге жарыс тиянақты жүрді. Өткен сезонды аяқтай сала, осы  жарысқа дайындалдық. Алғашқы айналымда барлық қарсыластарды ұттық. Ал, финалда  Тараз қаласының командасымен кездестік. Бізді тыңғылықты дайындаған бапкерлерге ерекше алғыс айтқым келеді.

РКС: Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын Көкшетау қаласының құрамасына бұйырса, екінші орынды Нұр-сұлтан қаласының спортшылары қанжығалады. Ал,  Тараз қаласының құрамасы жүлделі бірінші орынға ие болды.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ,  ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА
17:56, 28 мамыр 2020
ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА
Толығырақ...
COVID 19: ӨҢІРДЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТҚАН
17:47, 28 мамыр 2020
COVID 19: ӨҢІРДЕ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТҚАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...