ШҰҒЫЛ! СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ Толығырақ

СУ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІРІНШІЛІГІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

15:31, 12 ақпан 2020

Көкшетауда су добынан 2004-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының 3 кезеңі өз мәресіне жетті. 2 күнге созылған байрақты бәсекеде жерлес спортшылар жүлделі үшінші орыннан көрінді. Қазіргі уақытта спортшылар ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін су добынан ел чемпионатының 4 кезеңіне дайындықты бастап кетті.

Жарысқа дайындық жоспар бойынша жүріп жатыр. Қазіргі кезде команда оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

АЛЕН БЕЙСЕНАЕВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Командамызда Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан қатысатын балалар бар. Қазіргі таңда олар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Азия чемпионатының нәтижесі бойынша Әлем чемпионатына жолдама алатын болады. Бәрі жақсы болса, біздің балалар шілде айында Грецияда өтетін аталмыш жарысқа қатысатын болады.

Спорттық додада жергілікті команда Тараз бен Нұр-Сұлтан қалаларынан келген командаларға есе жіберген болатын. Алайда, спорттық шара әлі де жалғасатын болады. Аталмыш чемпионаттың жасөспірімдер үшін маңызы зор. Сондықтан да, спортшылар мұнымен шектеліп қалмаймыз,-дейді.

АЛДИЯР ӘКІМБАЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ

Жарыс өте жақсы өтті. Қазір келесі кезеңге дайындыққа қызу кірісіп кеттік. Бұл жолы қарсыластарымыз өте мықты болды. Әсіресе, Тараз, Нұр-Сұлтаннан келген ойыншылар керемет ойын көрсетті. Қазіргі уақытта командамызда 13 адам жаттығуда. Алдағы уақытта бар күшімізді салып, жеңіс тұғырынан көрінуге тырысамыз.

РКС: Жерлес команданың дайындығы тыңғылықты. Жеңіске деген құштарлықтары да басым. Ендеше, спортшыларға су добынан Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы атануға тілектеспіз.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
19:37, 3 сәуір 2020
СЫРҚАТТАРМЕН ТЕЛЕБАЙЛАНЫС АРҚЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
19:39, 30 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАҒЫ 4 ДЕРЕГІ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:54, 31 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗҒАН 41 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...