ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУПІ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

18:59, 14 наурыз 2019

РКС: «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын-алу» жол картасы аясында Ақмола облысында 19 іс-шара жоспарланған. Ағымдағы жылдың 19 ақпанында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өтіп, өңірлік штабтар құрылды. Облыс бюджетінен төтенше жағдаймен күрес мақсатында арнайы қорға 1 млрд. 273 млн. теңге бөлінген.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ //// Біз Ақмола облысы әкімдігіне өңірдің азаматтық қорғаныс жүйесін 18 наурыздан бастап жоғары дайындық режиміне көшіруді ұсындық. «Қазгидромет» болжамы бойынша наурыз мерекесінен кейін өңірде күн күрт жылынады. Күндіз + 2,+3 градус, түнде 0-ден төмен ауа температурасы  күтілуде. Бұл қардың жылдам еруіне әкелуі мүмкін.

РКС: Өңірдегі өзен-судың жағдайынан 29 гидробекет пен 98 қосымша бекет мағлұмат береді. Су бассейндерінің деңгейі тәулік бойы ғарыштық мониторинг арқылы бақыланады.

СНХ: БАҚЫТ МАҚАЖАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /// «Қазгидромет» күні кеше тұрғындарды желдің күшеюі туралы ескерткен еді. Алдағы уақытта облысымыздың кейбір өңірлерінде желдің жылдамдығы 28 м/с-қа дейін жетеді. Көпжылдық бақылау негізінде Ақмола облысындағы су тасу қаупі наурыз айының 3-ші онкүндігі мен сәуір айының соңына дейін жалғасады.

РКС: Төтенше жағдай қызметінің мамандары өзендердегі мұз жару жұмыстарын қолға алған. Мамандар наурыз, сәуірде жауын-шашынның мол түсу қаупі бар екенін айтады. Мысалы, өткен жылы Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында бір тәулікте 3 айлық жауын-шашын түсіп, су тасқыны қаупін тудырған болатын.

STAND-UP: АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, РЕДАКТОР /// Наурыз айының басында өңірде айлық жауын-шашын мөлшерінің 50 пайызы түсіпті. Бұл Есіл мен Шағалалы өзендерінің су жинау алабындағы ылғал көлемінің 40 пайызға артуына ықпал еткен. Бүгінде су тасқынының алдын-алуға бағытталған шаралар қызу жүргізілуде. 43 елді мекенде өзен арналарын тереңдету, бөгет салу тәрізді инженерлік қорғау жұмыстары қолға алынған.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...