ШҰҒЫЛ! 73 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІНІҢ ЛАУАЗЫМЫ ЖОҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫ. ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛУДА.

21:37, 19 сәуір 2017

Ақмола облысында қызыл судан кейінгі жағдай тұрақталып келеді. Сандықтау және Атбасар аудандарымен ағатын Жабай өзенінде су деңгейі төмен түсті. Елді мекендерден су кетіп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, облыста 600-ден астам үйді су басқан еді. 2 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерлерге көшірілді. Олардың көбі туыстарын паналаса, бір бөлігі арнайы дайындалған мекемелерге орналастырылған болатын.

Сандықтау ауданында 300-ден астам үй су астында қалған еді. Соның жетеуі қираған. 852 адам қауіпсіз жерлерге көшірілген-ді. Қазір олардың басым көпшілігі үйлеріне оралып, баспаналарын ретке келтіріп жатыр.

Қазір аудан орталығында ауыз су жоқ. Жергілікті билік ауыз су тасымалын ұйымдастырған. Сондай-ақ, елдімекен ұялы байланыссыз қалды. Қызыл су бірнеше бағананы шайып кетіпті. Облыс басшылығы бірнеше бағыт бойынша бөлініп, тұрғындармен кездесуде.

ЖАҒДАЙ ТІКҰШАҚПЕН БАҚЫЛАНУДА

Сондай-ақ, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков Бурабай ауданындағы жағдайды тікұшақпен бақылады. Курорттық аймаққа қызыл судан төніп тұрған қауіп жоқ. Қардың көп бөлігі еріп кеткен. Өңіріміздің өзге де аудандары облыс басшылығының жіті назарында.

Ермек Елберген

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
15:07, 22 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛ ЕРТЕҢІ-БІЛІМДІ ҰРПАҚ!
Толығырақ...
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
15:07, 22 қаңтар 2018
БӘСЕКЕЛЕСТІК БИІГІН БІЛІМ БАҒЫНДЫРАДЫ!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
19:07, 16 қаңтар 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТЕДІ!
Толығырақ...