ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17:31, 6 ақпан 2020

Мамандардың болжамынша көктемде өңірде су тасқыны қаупі жоғары. Өткен қаңтар айында ғана өңірде түскен қар өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2 жарым есеге жоғары. Облыс аумағы жерлерінің 99 пайызын қар жамылғысы жауып тұр. «Қазгидромет» филиалының қызметкерлері, құтқарушылар мен жергілікті билік өкілдері су тасқының нақты қаупін анықтау мақсатында ақпан мен сәуір аралығында аймақтағы өзендерге экспедициялық бақылау жүргізуді жоспарлап отыр.

РКС: Құрамында 500-ден аса құтқарушысы бар өңірдің төтенше жағдайлар қызметі су тасқынының алдын алу үшін дайындалуда. 111 бірлік техника, 12 жүзу құралы мен 107 мұз жару құрылғылары дайындалып, күндіз-түнгі кезекшіліктер жоспарлануда. Қосымша 90 бақылау бекетін ашу жоспарлануда. Жан-жақтан келетін өзен-көлдердегі су деңгейін анықтау оңай емес. Жалпы облыс бойынша жағдай тұрақсыз,- дейді құтқарушылар.

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ /Қазір ең қауіпті делінген орындар анықталып жатыр. Су тасқынының алдын алу бағытындағы барлық жұмыстарды жан-жақты қарап жатырмыз. Еріген қар суларын еш кедергісіз өткізетін ірі Астана, Сілеті және Шағалалы сынды су қоймаларын қарап жатырмыз. 41 елдімекенге қауіп тудыратын 20 гидротехникалық құрылғылардың сапасы сын көтермейді. Олар бақылауға алынды. Бұған дейін облыстағы су тасқыны қаупі 3 деңгейге, яғни, жасыл, сары, қызыл деп бөлінсе, биыл барлығында қауіп деңгейі қызыл түсті болмақ.  /

РКС: Облыстың 10 ауданы, яғни өңірдің басым бөлігінде мұз жару жұмыстары жоспарлануда. Синоптиктер ақпан, наурыз айларында бір тәулікте бір айлық жауын-шашын түсуі мүмкін деп болжап отыр. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда қардағы су мөлшері 103 пайызға көп.

СНХ: БАҚЫТ МАҚАЖАНОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» КӘСІПОРНЫ  АҚМОЛА ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ  гер облыстағы өзен бассейндері туралы айтар болсақ оларда да қар мөлшері өткен жылдармен салыстырғанда 2-3 есеге көп. Есіл, Сілеті, Жабай, Нұра өзендерінен су тасқыны қаупі бар. /

РКС: Өткен жылы су тасқынының алдын алу үшін қайық, жолаушылар таситын УАЗ көлігі өзге де қажет техникалар алынған. Биылғы жылы жол талғамайтын көлік пен құтқару қайықтары алынды. 5 су қоймасына 39 миллионға жуық теңгенің жоба сметалық құжаты әзірленуде.

СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ /Егер 2019-шы жылы төтенше жағдайлар департаментінің материалдық-техникалық жарақтануына 124 миллион теңге бөлінсе, биыл облыстық әкімшілік бюджетінен 210 миллион 670 мың теңге бағытталды. Бұл қаражаттың ішінен 40 миллион теңгесі мұз жару жұмыстарына, әуе көліктеріне 15 миллион теңгеден асады. Сондай-ақ биыл Жақсы ауданына қарасты Чапаев су бөгеті жөнделмек.  /

РКС: Ауа-райын болжау орталығының мамандары жаппай қар еру кезеңі 21 наурыздан 10 сәуір аралығына келеді деп болжап отыр.

М.АЙБАБИНА, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ  

Тақырып бойынша материалдар

15:11, 31 мамыр 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ЭКСПОРТТАУ МӘСЕЛЕСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...