ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

СУДА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

14:37, 11 шілде 2019

РКС:  Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мен полиция қызметкерлері жоспарлы түрде шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарға рейдтер жүргізген, нәтижесінде  98 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Осындай рейдтердің біріне біздің түсірілім топ та қатысқан болатын.  

СНХ: АЛЕКСЕЙ СОВЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ Суға шомылу маусымы басталғаннан бері 105 адам құтқарылды. 12 жазатайым оқиға тіркеліп, 14 адам қаза тапты.

РКС: Облыс төңірегінде жалпы саны 754 су қоймасы бар. Солардың арасында Нұра және Есіл өзендеріне шомылу аса қауіпті. Тиісінше,  шомылуға рұқсат етілген  20 ресми жағажай қызмет атқарады. Ол жерлерде балаларға арнап 16 орын дайындалған. Сонымен қатар, жабайы  жағажайлардың саны 154.   Суға түсуге рұқсат етілмеген  жерлерде  шомылу өміріңізге кауіп төндіреді, сол себепті тілсіз жаудан барынша сақ болған абзал. Облыс орталығындағы Қопа көлінің жағасында рұқсат етілмеген екі жағажай бар. Бұл жерлерде орнатылған арнайы ескертулерге қарамастан, демалушылар суға түсуін тоқтатпауда. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары суға түсу кезінде шомылу ережелерін  сақтап, өз өмірлеріне  балта шаппауға шақырады.

СНХ: АСХАТ АҚЫЛЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ  Рейдтік іс-шаралар кезінде мен Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарына судағы тәртіп ережесін ескерткім келеді.  Тыйым салынған жерлерде жүзуге болмайды. Балаларды шомылғанда  қараусыз қалдырмаңыздар. Сонымен қатар, мас күйінде суға түспегендеріңіз жөн.

РКС: Судағы жазатайым оқиғаларды болдырмаудың бірден-бір жолы әлеуметтік желілер арқылы үгін-насихат жүргізу. Осы жұмысты жандандыру мақсатында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бірнеше үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Үгіт-насихат және жазатайым оқиғалардың алдын-алу жұмыстарын жүргізуге 150 ерікті жұмылдырылған.

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ, ИВАН ДУБЕЙКО.

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...