ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ Толығырақ

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

20:28, 3 шілде 2020

Диктор кадрда: Көкшетау қаласы бойынша тұрғындардың тұтынған ауыз суға берешегі 136,4 миллион теңгені құрап отыр. Десе де қарыз көлемі өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда әлдеқайда азайған. Яғни тұрғындар карантин кезеңінде тұтынған судың ақысын  уақытылы төлеп отыр,-дейді су арнасының мамандары.

РКС: Қазіргі карантин уақытында тұрғындардың тұтынған ауыз судың ақысын төлеу көрсеткіші 124,5 процентті құраған. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде тұрғындардың берешек қарызы 200 миллион теңгеден асып кеткен. Биылғы қарыз 136 миллион теңге көлемінде. Бұл жылдар бойы уақытылы төлемей, қарызы қордалаған тұрғындар мен заңды тұлғалардың берешегі.  

СНХ: ӘСЕЛ ЕСЕНҒОЖИНА, «КӨКШЕТАУ СУ АРНАСЫ» КӘСІПОРНЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ /Насос станциялары мен апатты бригадалар өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыруда. Әлеуметтік маңызы бар нысандарға аурухана, бала-бақшаларды сумен қамтамасыз ету жұмыстары еш кедергісіз жүргізілуде. Карантин кезінде суды тұтыну мөлшері бірнеше есеге артты. Мысалы заңды тұлғалардың суды тұтынуы көрсеткіші 14 процентке көбейген. Ал көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлеген тұтынушыларымызға алғысымызды білдіреміз. /

РКС: Ал көрсетілген қызмет ақысын уақытылы төлемей жүрген заңды тұлғалар мен қала тұрғындарына заң шеңберінде қатаң шара қолдануға мәжбүрміз. Карантин кезеңі аяқталған соң қарызы қордаланған тұрғындармен күрес жұмыстары жалғады,- дейді су арнасының мамандары.

М.АЙБАБИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ  ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛАДЫ
19:39, 13 тамыз 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖОЛМЕН ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ШЫҒАРЫЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
19:56, 7 тамыз 2020
ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАН СОҢҒЫ СЫРҚАТ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Толығырақ...
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ ЕНГЕН
20:01, 7 тамыз 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ БОЙЫНША ҮЗДІК БЕСТІККЕ...
Толығырақ...
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
20:04, 7 тамыз 2020
ЖОСПАРЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ҚАЙТА ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...