ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК

18:56, 20 мамыр 2020

 

ДК: Бірінші маусымнан бастап өңірдегі өзен-көлдерде суға шомылуға ресми рұқсат беріледі. Алайда, қазірдің өзінде қауіпсіздік шараларын сақтамау саладарынан екі тұрғын жазым болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары  өңір тұрғындарына сақтық шараларын ескертеді.     

РКС: Ақмола облысында 754 су айдыны бар. Олардың көпшілігінде шомылуға рұқсат жоқ. Жағасы жарқабақ, түбі ұйық, саз өзен-көлдерге өз бетімен суға түсу адам өміріне аса қауіпті. Өткен жылы, сақтық шалараларын ескермеген 22 тұрғын суға батып кеткен. Олардың барлығы рұқсат етілмеген жағажайларда демалыс ұйымдастырған. Құтқарушылар 126 адамның өміріне араша түсіп үлгеріпті. Әсіресе, Целиноград ауданының Есіл және Нұра өзендері бойында қайғылы жағдайлар қатары сиремей отыр.   Былтыр аталған өңірде 8 адам суға батқан.  Биылғы жазғы шомылу маусымында 61 кәсіби құтқарушы қызметіне кіріседі. Олар тиісті сүңгуір киімдері, қайықтар,  құтқару жабдықтарымен қамтылған.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ///(АУДАРМА) Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 13 сәуірде облыс әкімінің тиісті қаулысы шықты. Төтенше жағдайлардың алдын-алу және оның салдарын жою жөніндегі комиссияның отырыстары өтті. Қазіргі таңда өңірде құтқару бекеттері әзірленіп, арнайы күш пен техника су айдындарына шоғырландырылды. Тұрғындар өздігімен демалыс ұйымдастыруды әдетке айналдырған жағалауларда арнайы тексеру жүргізіліп, мұндай орындардың шомылуға жарамдылығы бағаланды. Тиісінше, жергілікті әкімдіктер тарапынан  коммуналдық жағалаулар ұйымдастыру ісіне басымдық беріліп отыр. Қазіргі таңда белсенді азаматтардан құралған қоғамдық құтқару бекеттерін жасақтау бойынша да жұмыс қолға алынды. Қазір 55 қоғамдық құтқарушы жұмылдырылған 28 мерзімдік құтқару бекеттері құрылды. Демалушылар көп келетін Бурабай, Кіші Шабақты, Зеренді, Қопа көлдерінде кәсіби құтқару бекеттері қызмет атқаруда.

РКС: Құтқарушылар қазірдің өзінде 2 мыңға жуық үнпарақ таратып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат жариялауда. Балаларды суда жүзу қауіпсіздігіне баулу қолға алынып, жағажай ұйымдастыруға жарамсыз орындарда 160 ескерту белгісін орнатыпты. Мамандар өңір тұрғындарын әлі де суға түсуге асықпауға кеңес береді. Себебі, акваториялар тиісті деңгейде жылына қойған жоқ. Шомылу маусымында судың орташа температурасы 17-18 градусты құрауы тиіс.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, АБАЙ ТӨЛЕГЕН. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...