ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

СУҒА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНДАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

13:52, 14 мамыр 2020

 

ДК: Өңірде 1 маусымнан бастап суға шомылу маусымы басталды. Бірақ, қазірдің өзінде  су айдындарында ересектер мен балаларды жиі кездестіруге болады. Ақмола облысының құтқарушылары Қопа көлінің жағажайында оқу-жаттығу жұмыстарын өткізді. Ал, сүңгуірлер демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, көлдің  түбін мұқият зерттеп шықты.

РКС: Ақмола облысының аумағында 754 су қоймасы бар. Профилактикалық іс-шараларға қарамастан, судағы жазатайым оқиғалар саны азаяр емес. Өткен жылы жазғы шомылу маусымы кезінде 22 адам суға кетті. Оның ішінде 7-уі кәмелеттік жасқа толмаған бала. Оқыс оқиғаның басым бөлігі Нұра мен Есіл өзендерінде орын алған. Адамдардың суға кетуінің негізгі себептері – белгіленбеген жерлерде, мас күйінде суға шомылу. Көбінесе ересектер балаларын жағажайларда қараусыз қалдырады.

СНХ: ҚАНАТ ДОСПАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ  ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///аударма///Бүгінгі күні барлық жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп суға шомылу маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Облыс әкімінің арнайы қаулысы бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

 

РКС: Былтырғы шомылу маусымында облыс бойынша 127 адам құтқарылды, оның 36-сы балалар. Сондай-ақ, өткен жылы 60-тан астам құтқару бекеті құрылды.

СНХ: ДӘУЛЕТ ШӘМИҒАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ ҚҰТҚАРУ ЖАСАҒЫНЫҢ БАСТЫҒЫ///  Ірі көлдердердің 4-інде біздің құтқарушылар жұмыс істейді. Бұл Қопа, Зеренді, Щучье, Бурабай көлдері. Қалған су айдындарында арнайы қоғамдық құтқару бекеттері құрылған. Өткен жылы 61 бекет құрылды. Онда 234 құтқарушы жұмыс істеді. Қазір алдын-алу шаралары жүргізілуде, медициналық көмек көрсету техникалары да жарақтандырылуда.

 

РКС: Шомылу маусымы басталмас бұрын құтқарушылар азаматтарды судағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Ең бастысы, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін тағы да ескертеді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ,  ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА, ДАРХАН САҒЫН,   «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...