ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

СҰЛУЛЫҚТЫ ЖЫРЛАҒАН СУРЕТКЕР

15:11, 13 ақпан 2020

Облыстық әдебиет және өнер музейінде суретші Виктор Кубриннің «Мелодия города» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Ұйымдастырушылар қылқалам шебері шығармаларының озық үлгілерін көкшетаулықтардың назарына ұсынды. Тамаша туындылардың сұлулығын түсіне алған өнер сүйер қауым көрме авторына жылы лебіздерін білдірді.

«Еркін суретші» мамандығының иесі атанған Виктор Кубрин 20 жылдан астам  уақыт аралығында мыңдаған сурет салған. Айта кету керек, аталған көрме аясында суретші байқау жарияламақ. Дәлірек айтсақ,  шебер қала тұрғындарымен бірігіп, үлкен абстрактілі картина салуды жоспарлайды.

ВИКТОР КУБРИН, ҚЫЛҚАЛАМ ШЕБЕРІ

Қатысушылар кез-келген шимай жасауы қажет. Кейін мен оны дұрыстап, суретті аяқтаған соң, Гиннестің рекордтар кітабына өтінім беремін. Алдағы уақытта бірқатар Еуропа елдерін аралап, біздің өлкеміздің даңқын шығарғым келеді. Байқауда 2 кенеп болады. Бірін мұражайға сыйлаймын. Ал, екіншісі қала бойынша жүреді.

РКС: Көрмеге қойылған жұмыстардың көбі табиғат, туған қала сынды ұлы ұғымдарға арналған. Майлы бояумен кенепке салынған суреттерде тамаша табиғат көріністері бейнеленген. Бүгінде сурет салуда қылқалам шеберіне үлкен қызы Ангелина қолғанат көрінеді. Екеуінің бірлесіп жасаған туындыларында ерекше үндестік байқалады.

СНХ: АНГЕЛИНА КУБРИНА, ҚЫЗЫ

Мен сурет салғанды өте жақсы көремін. Әкем алдымен негіз жасап береді. Ал, мен болсам, оны майлаймын. Кейін ол бәрін өңдейді. Біз көбіне табиғатты, абстрактілі және көлемді картиналарды салуды жақсы көреміз. Біз арнайы бояуды алып, мастихинді орап, өңдейміз. Содан кейін қол қойып, сатамыз.

Өз кезегінде, облыстық әдебиет және өнер музейінің қызметкерлері өңірдегі танымал суретшілердің көрмелерін  өткізуді жалғастырып, қала тұрғындарына рухани азық сыйлар іс-шаралардың кестесін атап өтті.

БАҚЫТБЕК БЕКМҰРАТ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ

2020 жыл бізде көптеген мерейтойларға толы. Осы айдың 20 ақпан күні біз қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арнап «Дүниені оймен шалған хәкім Абай» атты үлкен әдеби-сазды кеш өткізбекпіз. Жалпы, әдебиет және өнер музейінің бір саласы осы қылқалам шеберлерінің, өнер адамдарының шығармашылығын көпшілікке насихаттау, оларды шабыттандыру, жарқын болашаққа бағыт-бағдар беру. Сондай мақсатта жұмыс істеп жатырмыз.  

Қылқалам шеберінің туындыларын көріп тамашалау мүмкіндігі 12 наурызға дейін жалғасады. Заманауи бейнелеу өнерін бағалайтын жандар үшін әркез есік ашық.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
20:33, 21 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
20:27, 21 ақпан 2020
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ
16:18, 18 ақпан 2020
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫ...
Толығырақ...