ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

СЫН САДАҒЫНДА – АҚЫЛ-ОЙ...

18:35, 3 желтоқсан 2019

 Көкшетау қаласындағы «Арна» жоғары колледжінде жастар арасында  ақыл-ой ойыны өтті. Айтулы шара «Zhas project» жастар корпусын дамытуға арналған. Білім бәйгесін қалалық жастар ресурстық орталығы мен «Jeti Qazyna» шығармашылық тобы ұйымдастырды.

Ақыл мен ой  сыналған білім додасы еліміздің тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Интеллектуалды ойын қатысушылары – қала колледжінің студенттері.  Мұнда 7 орта арнаулы оқу орнынан жалпы саны 10 топ қатысты.

ТҰРЛЫБЕК ЖОЛДАСПАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Дәстүрлі ойынның басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу. Өскелең ұрпақтың ақыл-ойын дамыту. Бұл жоба қала ішінде 1 жылдан бері жүзеге асып келеді. Студенттердің көңіл-күйі жақсы.

Викториналық сұрақтар 6 кезеңнен тұрды. Әрқайсысы 7 сұрақтан тұрады. Тапсырмалар тақырыбы сан алуан: кино мен сериал, танымал тұлғалар, сауалнама  және қойылған сұрақтарға «Иә немесе жоқ» деп жауап беру. Қатысушылардың әрқайсысы жеңістен үмітті. Әркім өз білім деңгейін көрсетуге тырысты.

НҰРАЛЫ ҚАБДЕН, ОЙЫНҒА ҚАТЫСУШЫ

Осы ойынға   мен қызықтым. Өз командамды жинап, бағымды сынауға келдім. Мен команда капитанымын.  Бүгін көңіл-күйім өте жақсы. Керемет!

Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша 3-орын  жоғары техникалық колледжінің командасына бұйырды. Екінші жүлдені жоғары медициналық колледжінің «Жас толқын» тобы алды. Ал замандастарынан дараланып, үздік танылған команда – Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық  колледжінің студенттерінен құралған  «КПК Жастары» тобы болды.

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, АНЕЛЬ БЕЙСЕНБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...