ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ТАБЫСТЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ

14:43, 18 маусым 2019

РКС: Бөлінген 11 мың гранттың ішінде техникалық мамандықтарды оқытуға ерекше назар аудару қажет. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада дәл осындай кадрлар сұранысқа ие болады. Сонымен қатар, студент жастар үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасау да – әлеуметтік бастамалар аясындағы маңызды мәселе.   Құрылыс-техникалық колледжінің 2 курс студенті Мұхамедияр Райымбек жатақханада 1 жылдан астам уақыт тұрып жатқанын және ондағы жағдайдың қолайлылығы қуантатынын атап өтті.

СНХ: РАЙЫМБЕК МҰХАМЕДИЯР, СТУДЕНТ/// Менің жатақханада тұрып жатқаныма 1 жыл болды. Бірінші қабатта кітапхана мен жаттығу залы, төртінші қабатта теннис үстелі бар. Тәрбиешілер топтар арасында футболдан және баскетболдан жарыстар ұйымдастырады. Әрине, бұл бізді қуантады. Біздерге жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған. Оқудан кейін жатақханада оқуға толықтай мүмкіндік бар. Ешқайда барудың, тыныш жер немесе оқу залын іздеудің қажеті жоқ. Бұл өте ыңғайлы.

РКС: Өңірде жаңа жатақханалар салумен қатар, студенттердің өмір сүру жағдайларын жақсартуға қатысты да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, №1 құрылыс-техникалық колледжінің ағымдағы жөндеу жұмыстары мен санитарлық-техникалық жабдықтарын жаңартуға жыл сайын 300 мың теңге көлемінде қаржы бөлінеді. 

СНХ: АЛПЫСБАЙ ОМАРОВ, №1 ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ/// Елбасының үшінші бастамасы аясында студент жастардың жатақханада тұру жағдайы мен қолжетімділігін жақсарту мәселесі көтерілуде. Бұл бағыт колледжде де жүзеге асуда. Бізде 307 орынға арналған заманауи студенттік жатақхана бар. Ол секциялық типте жабдықталған. Душ кабиналары мен бөлмелер, ас үй бар. Жыл сайын жатақхананың ағымдағы жөндеу жұмыстарына 300 мың теңге бөлінеді. Оған төсек жабдықтары мен санитарлы-техникалық жабдықтарды ауыстыру кіреді. 2014 жылы 170 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыру жоспарланған. Бізде студенттер үшін орын жетіспейді деген мәселе жоқ. Қазіргі таңда басқа қаладан келген студенттер жатақханамен қамтамасыз етілген.

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасы 2022 жылдың соңына дейін кемінде 75 мың орындық жаңа студенттік жатақхана құрылысын қамтамасыз етуді тапсырды. Көкшетауда бұл міндетті жүзеге асыруға байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЖАМАЛ ГАБДУЛЛИНА

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...