ШҰҒЫЛ! СПОРТ ЗАЛДАРЫНЫҢ САНЫ КӨБЕЮДЕ Толығырақ

ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАНДАРҒА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

20:35, 27 наурыз 2020

 

Диктор кадрда: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалып, табысынан айырылғандарға жәрдемақы төленеді. Көкшетау қаласында халықты жұмыспен қамту орталығы бұл бағытта дайындық жұмыстарын жүргізуде. Әлеуметтік төлем тек орта, шағын және кіші бизнес жұмысшыларына ғана қатысты.

РКС: Табысынан айырылғандардың 42 мың 500 теңге жәрдемақы алуы үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына барып, өз еңбеккерлерінің табысынан айырылғанын растау құжаттарын көрсету қажет. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді. Әзірге Көкшетауда жұмыс берушілерден өтініш түспеген.  

СНХ: УАҚЫТ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ/Жұмыс беруші алдымен біздің мекемеге келіп, не себепті, ол мекеме тоқтады сол жөнінде арнайы бұйрықты алып келеді. Бұл біріншіден, екіншіден жұмыскерлердің толық тізімі болуы керек. Яғни жұмысшылардың толық аты-жөні, ИИН көрсетілуі керек. Яғни, министр айтқандай, ол құжаттар мемлекеттік корпорацияға жіберіледі. Құжатты біз қабылдаймыз ақшаны олар төлейді. Әр жұмысшының жеке шотына жіберіледі.  /

РКС: Жұмысы уақытша тоқтаған мекеме төтенше жағдай енгізілген күнге дейінгі соңғы 12 айдың ішінде кемінде 3 айда қарамағындағы жұмысшы үшін мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасалуы тиіс. Әлеуметтік төлем табысынан айырылғандарға төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін төленеді. Ал жұмыстан шығарылған қазақстандықтар да табысынан айырылуына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлем алады. Төлем соңғы 24 айдың ішіндегі табыс пен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Оларға жоғалтқан табысының 40 пайызы көлемінде жәрдемақы берілмек. Ол үшін халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуге және жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш беру керек. Толық ақпаратты білу үшін 1411 нөміріне хабарласуға болады.    

М.АЙБАБИНА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...