ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

ТАЭКВОНДОДАН ӨҢІР ҚОРЖЫНЫНДА 1 КҮМІС

17:31, 7 қараша 2019

 


Қарағанды қаласында олимпиадалық таэквондодан Ауған соғысы батырларының құрметіне арналған халықаралық турнир өтті. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Айым Әмірханова жүлделі орынға ие болды. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнирге осы жылы  көршілес жатқан Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей елдерінің споршылары да қатысты.

Таэквондодан халықаралық турнирде өңір намысын 11 спортшы қорғаған. Солардың ішінде 67 келі салмақта Айым Әмірханова күміс медальды еншіледі. Ол ақтық сыңда қарағандылық қарсыласына есе жіберген.  Жүлдегер қыз спорттың осы түрімен 6 жылға жуық айналысады. Көптеген республикалық, халықаралық турнирлардың жүлдегері.

АЙЫМ ӘМІРХАНОВА, ТАЭКВОНДОДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Турнирге қатысқан барлық ақмолалық спортшылар жақсы өнер көрсетті. 3 кездесу өткіздім. Соңғы финал қиын болды. Ауыр салмақта шыққасын бой өте ауыр болды. Финалда Қарағандының қызынан жеңілдім. Ал оған дейін Өскемен, Оңтүстік Қазақстанның қыздарын жеңдім. Қазіргі таңда осы ай соңында өтетін чемпионатқа дайындалып жатырмыз.

Таэквондодан өткен бұл жарыс осы жылы 15-ші рет ұйымдастырылып отыр. Әр жылы біздің жерлестер тыңғылықты дайындықпен барып, жүлделі орындар иеленеді. Турнирдің ауқымы да жыл санап кеңейіп келеді. Биыл жарысқа 600-ден астам таэквандошы қатысқан.

ЕРЖАН ҮРМАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Біздің облыстан барған 11 спортшының 6-ы ересектер тобында болса, 4-і кіші жастағылар. Сол екінші топтағы қатысушылардың ішінен Айым Әміржанова екінші орын иеленді Спортшылар күн сайын жаттығады. Күніне екі рет жаттығатындар да бар. Жаттығулар көбіне кешкі уақытта жүреді.  Бізде бірнеше жаттығу залдары бар.

Өңірде спорттың осы түріне қызыққан 150-ден астам спортшы бар. Олардың көбі жасөспірімдер. Таэквондошылар үшін алдағы меже Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан кубогы. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары қызу жүрі жатыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

 «БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
19:59, 29 мамыр 2020
«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА ІРІКТЕУ ТАЛАПТАРЫ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
19:58, 29 мамыр 2020
МАУСЫМНАН БАСТАП КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЖЕҢІЛДЕЙДІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
19:57, 29 мамыр 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...
ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...