ШҰҒЫЛ! 75 ЖАНҰЯ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ Толығырақ

ТАЛАНТЫНА ТАЛАБЫ ҚАНАТ БОЛҒАН...

16:16, 3 желтоқсан 2019

 


Шын талантқа тұсау жоқ. Шідерлесең шөкпейді, тұсау салсаң тоқтамайды. Тағдырдың түрлі сынағынан өтіп, талай ауыртпашылықты бастан өткерсе де, өміріндегі ең жақын серігі – өнерімен жұп жазған жоқ. Ақмола облысында жоқтан жауһар жасайтын ерекше талант иесі тұрады. Геннадий деген дарынмен тілшіміз тілдесіп қайтты.

Қараша үй. Ыс сіңіп, қоңырқай тартқан. Бұл жерде Геннадий Конкушев есімді шебер тұрады. Өнер тамған он саусағынан талай туынды дүниеге келіпті. Бұйымдарға қарап, таң қаласың. Қаршыға мен қыраны бар жыртқыш құстар, дала жануарлары мен аңдардың сан түрі жанды дүниеден айнымай қалған. Көзқарасының өзінде бір құпия бар. Бұл шеберлік пен ізденістің арқасы.  

ГЕННАДИЙ КОНКУШЕВ, ШЕБЕР

Қазір Шығыс Европа овчаркасын жасап жатырмын. Бала кезімнен аңдар мен құстарды жақсы көремін. Сурет салдым, ағашпен жұмыс істедім, құстардың тұлыбын жасадым. Бірақ көңілімнен шықпады. Бір күні ағаш құстың тұмсығы сынып қалып, оны пластмасаның ерітіндісімен жөндеп едім, әп-әдемі келе қалды. Содан бері осы шикізатпен жұмыс істеймін.  

Тұрмыстық техникалардың сынығы, пластмассадан жасалған ыдыс-аяқ, жалпы ебедейсіз жатқан күл-қоқыс Геннадий қолданатын шикізат десе болады. Қайта өңдеп, жан бітіреді. Ерітіндісінен ебін келтіріп, керемет бұйымдар жасайды. Жұмсалатын уақыт да аз емес. Бір бұйымды жасау үшін күрделілігіне қарай 2 айдан жарты жылға дейін уақыт керек дейді, шебер. Геннадийдің өнерге деген махаббаты мен қарапайымдылығы соншалық, сауда туралы, тіпті, бұйымдардың бағасы жайлы ойланбапты. Өйткені қимастық бар. 

ГЕННАДИЙ КОНКУШЕВ, ШЕБЕР

Негізі бұл менің хоббиім. Сарқаттанған анамды күткенде жұмыс істеуге мүмкіндік болмады. Сол кезде қолөнер бұйымдарын көмірге, азық-түлікке айырбастадым. Қазір анашым жоқ. Жалғызбын. Өмірлік серігім – осы. 1 тәулік жұмыс істеп, 2 тәулік демалатын жұмыс тауып алдым. Бос уақытымда бұйымдар жасаймын. Сұрайтындар бар. Бірақ, саудаға қимаймын.

Әрбір туындыны жасау үшін ізденіс керек. Жаһанды кезіп, ақпарат алар қол астында компьютер мен ғаламтор да жоқ. Оның қажеті де шамалы, дейді кейіпкер. Сондықтан, құстар мен аңдар туралы мәліметті кітапханаға барып жинайды. 

Бұл ителгі – жыртқыш құс. Аяғындағы темір сымдардан басқасы толық пластмассадан жасалған. Елік пен бұғының мүсіндерін жасауға олардың бас сүйегі арқау болды. Мынау қаршыға. Бұларды жасау үшін ізденемін. Кітапханаға барып, дене бітімін, пішіндерін толық зерттеймін. Дайын орнитологпын. Құстардың барлық түрлері мен ерекшеліктерін зерттедім.

Шебер бірнеше аң мен құстың жалпы кескінін реттеп қойған. Дайын бұйым жасап шығару үшін айлап көз майын тауысуға тура келеді. Талантына талабы қанат болған шын шебер осыдан ләззат алады.

БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,  КӨКШЕ-АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
17:59, 5 желтоқсан 2019
«БАТЫРЛЫҚ ҰРПАҚ БОЙЫНДА» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
Толығырақ...
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
16:00, 5 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:23, 29 қараша 2019
ҰЛТТАР ДОСТЫҒЫ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТАЛ БЕСІГІ
Толығырақ...
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
16:25, 29 қараша 2019
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
Толығырақ...